Желтоқсанның үшінші жексенбісінде қалыптасқан дәстүр бойынша біздер Энергетиктер күнін атап өтеміз. Бұл өздерінің жасампаз еңбегі мен өмірлік маңызы бар игілік жасап жүрген адамдардың кәсіби мерекесі. Энергетиктердің жұмысының арқасында біздің үйлерімізге электр энергиясы мен жылу беріледі, кәсіпорындар мен мекемелер дұрыс жұмыс жасайды.
Қалыптасқан тамаша дәстүр бойынша қазан айының бірінші жексенбісінде біз ең бір қымбатты да қадірлі мерекелердің бірі - Ұстаздар күнін, білім беру саласының барлық қызметкерлері күнін атап өтеміз.
Бүгін қалыптасқан дәстүр бойынша бүкіл әлемде қарт адамдар күні аталып өтеді. Қай заманда болмасын қоғамда қарияларға деген құрмет, ізет-ілтипат ерекше болған, олардың даналықтары мен өмірден түйген мол тәжірибесіне ден қойып отырған.
Бүгін еліміздің мектептері, лицейлері мен колледждері, жоғары оқу орындары есіктерін айқара ашып, жүз мыңдаған оқушылар мен студенттер, оның ішінде Қарағанды облысының да білім қуған шәкірттері жалпыхалықтық мереке – Білім күнін атап өтуде.