Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст

Әкімнің үндеуі



Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Сіздерді 2012 жылғы 21 қарашада Қарағанды қаласында өтетін «ҚарағандыИнвест-2012» ІІІ Халықаралық инвестициялық форумының жұмысына қатысуға шақырамыз.
Форум Қазақстан Республикасы Үкіметінің белсенді қолдауымен әрі тікелей қатысуымен Қарағанды облысының әкімдігі тарапынан ұйымдастырылып отыр.
Бұл оқиға Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстағы қолайлы инвестициялық ахуалды жақсартуға, облыс экономикасына құйылатын отандық және шетелдік инвестициялар ағынын одан әрі ынталандыруға бағытталған.
Форум жұмысына орталық және жергілікті атқарушы органдардың, республикадағы және өңірдегі ұлттық компаниялардың, даму институттарының, шетелдік компаниялардың, қаржы институттарының, ірі және шағын бизнестің өкілдері шақырылады.
Әлеуетті инвесторларға нақты инвестициялық жобаларды талқылауға және облыс кәсіпорындарының инвестициялық жобаларына қатысты молынан деректер алуға бірегей мүмкіндік ұсынылады.
Сондай-ақ, әлеуетті инвесторлар үшін «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының таныстырылымы өтеді, қатысушы кәсіпорындарға өздерінің инвестициялық жобаларын жеке-жеке таныстыруға мүмкіндік беріледі.

  1. Форумға қатысуға, сөйлейтін сөздеріңіздің тақырыбына қатысты ұсыныстарыңызды, инвестициялық жобаларыңыздың таныстырылымдарын 2012 жылғы 25 қазанға дейін e-mail: [email protected] электронды мекенжайына не + 8 /7212/ 425740 телефоны/факсы арқылы жолдауларыңызды сұраймыз.
  2.  Инвестициялық жобалар облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында қабылданады, мекенжайы: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13, 429-кабинет, байланыс телефоны: +8 /7212/ 425740.
  3. Форум жұмысына делегат ретінде қатысу мәселелері бойынша «Expo&Event» ЖШС-ға хабарласуларыңызды сұраймын, тел.: +7 7172 78 25 80, +7 7172 78 25 79, e-mail: [email protected], [email protected].

Баршаңызды «ҚарағандыИнвест-2012» ІІІ Халықаралық инвестициялық форумы аясында белсенді сұхбат құруға шақырамын.


Ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Қарағанды облысының әкімі
Ә. Құсаинов

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
19 Қаңтар 2013
Караганда Другие города
-16 °C
без осадков,пасмурно
Ю, 4 м/с
19 Қаңтар 2013
Доллар США   150.65
Евро   201.19
Российский рубль   4.98
 
Послание Президента РК
 
ҚР Президентінің Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Обучение компьютерной грамотности
           
 
Государственные закупки
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх