Сұрақ-Жауап
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік процедуралары туралы» Заңының 15-2 бабына сәйкес интерактивтік мемлекеттік қызмет, соның ішінде азаматтардың электрондық өтініштерін қабылдауы Қазақстан Республикасының «электроднық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Электрондық өтініштерді қабылдау мен қарастыру тәртібі Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңымен регламенттелген
Сұрақ қою
Облыc әкімі аппаратында
2012 жылдың 11 айында азаматтардың шағымдарымен
жұмыс туралы ақпарат
2012 жылдың 11 айы кезеңі ішінде облыс әкімі аппаратына жеке тұлғалардан 2002 шағым және заңды тұлғалар өкілдерінен 183 шағым келіп түсті.
Солардың ішінде жоғары тұрған органдардан - 601, соның ішінде:
ҚР Президенті Әкімшілігінен – 351
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінен – 87
ҚР Парламентінен – 59
ҚР министрліктері мен ведомстволарынан – 104
Азаматтардан келіп түскен шағымдардың арсынан 614 шағым тұрғын үй мәселесі бойынша (пәтер алу, апаттық үйден көшіру), 365 шағым коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша (пәтерді, үйді, шатырды жөндеу, жертөлелерді су алуы, жылыту, суық және ыстық сумен жабдықтау, электр энергиясымен қамтамасыз ету, абаттандыру, ПИК жұмысы мәселелері), 276 шағым әлеуметтік сипаттағы мәселелер бойынша (жұмысқа орналасу және босату, еңбекті ұйымдастыру, қорғау және еңбекақы төлеу, зейнетақыны есептеу мен қайта есептеу), 42 шағым денсаулық сақтау мәселелері бойынша (емделуге көмек көрсету, медициналық мекемелердің жұмысы) 66 шағым білім беру мәселелері бойынша, 121 шағым мәдениет, өнер және спорт мәселелері бойынша.
Тұрғындардан барынша көп шағым түскен: Қарағанды қаласы – 1137, Теміртау қаласы - 110, Шахтинск қаласы – 86, Жезқазған қаласы – 81, Балқаш қаласы – 66, Саран қаласы – 35, Бұқар жырау ауданы – 85, Шет ауданы -79, Абай ауданы – 70, Қарқаралы ауданы – 43.
Тұрғындар топтары бойынша жиі арызданатындар: зейнеткерлер – 369, мүгедектер – 69, ҰОС-на қатысушылар мен жауынгер-интернационалистер – 26, көпбалалы аналар -24, басқалары – 1508.
Азаматтардың өз шағымдарында қоятын мәселелерінің көпшілігі қалалық және аудандық әкімдіктердің, департаменттердің, басқармалардың құзыретіне жатады, сондықтан мұндай арыз-шағымдар шаралар қабылдау және арыз иелеріне жауап беру үшін тиісті мемлекеттік органдарға жөнелтіліп, бұл туралы шағым авторына хабарлама жолданады.
Азаматтардың арыз-шағымдарында баяндалатын мәселелердің сипаты мен мазмұны өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды көрсетеді. Қазіргі уақытта коммуналдық және тұрғын үй мәселелері бойынша шағымдардың саны жоғары деңгейде болып отыр. Бұл адамдардың өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға деген ынталарына байланысты.
Тұрғындардың шағымдарында, хаттарында ПИК-нің сапасыз немесе нашар жұмысына көптеген наразылықтар айтылады. Қала мен облыс тұрғындарын үйлердің шатырлары мен подъездерін жөндеу, көпқабатты үйлерде лифтілерді қалпына келтіру, аулаларды абаттандыру, үйлерді жылыту маусымына дайындау мәселелері алаңдатады.
Шағым иелеріне «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде түсініктемелер беріледі, онда үй-жай иелері жалпы мүлік пен үйді ұстауға арналған барлық шығындарға қатысуы міндетті екені айтылған.
Денсаулық сақтау саласында облыс тұрғындарын жақын және алыс шетелдерде емделу және қымбат операцияларды жасату үшін квота бөлу мен қаржылай көмек көрсету мәселесі алаңдатады.
Білім беру саласында балабақшалардың жетіспеу, ауылдық жерлердегі мектептерді жөндеуден өткізу мәселелері сөз болады.
Әлеуметтік салада зейнетақыны қайта есептеу, жәрдемақылар тағайындау, жұмысқа орналастыру мәселелері көтеріледі.
|