Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст

Мәдениет сарайы мерейтойға әзір



Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында Мәскеудің сәулет институты жобасы негізінде бой көтеріп, Теміртаудың сәніне салтанат қосқан қалалық Мәдениет сарайы мерейтой қарсаңында күрделі жөндеуден өтті. Бүгінде мәдениет сарайының 1 және 2 қабаттары дайын. Жөндеу жұмыстарын жүргізген теміртаулық «Темірзат» ЖШС фирмасы үшінші қабатты мерейтойдан соң, кестеге сай тамыз айының соңында тапсырады.
Бұл іске «Жол картасы» бағдарламасы аясында 402 млн.186 мың теңге бөлінген. Қырық жылға жуық уақыт жөндеу көрмей, жүдеу тартқан сарайдың осы күнгі келбеті көпшіліктің көңілінен шығары хақ.
Прораб Әзімхан Үсеновтің айтуынша, жұмыс барысында сметаға кірмей, шығыны қарастырылмаған бірқатар мәселелер кездескен. Мәселен, өрт сөндіру қауіпсіздігі, желдеткіш, фойенің дизайны және т.б.ескерілмеген. Осыған орай, фирманың өтініш-тілегі бойынша жергілікті бюджеттен аталған қажеттіліктерге 116 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініпті. «Мәдениет сарайы – атына заты сай болуы үшін қолымыздан келгенді жасаудамыз»,– дейді прораб.
Сонымен қатар, жыл сайын жауын-шашында сорғалап, су ағып, жұртты әбігерге салатын төбенің де жайы бұл жолы шешімін тапқан сыңайлы. Жұмыс барысында үлкен залдың төбесіндегі 22 бетон плита апатты жағдайда, жарамсыз болып шыққан. Оның орнына жаңа плиталар төселді. Бұрынғы жұмсақ шатырды профлистен жасалған қатты шатырлар алмастырды. Жергілікті биліктің бүйрегіне шаншудай тиген мәселе сөйтіп мәнісін тауыпты. Жылу, электр, су жүйелері де толық жаңартылды. 1000 кісілік көрермен залының орындықтарының орнына жаңа креслолар қойылды.
250-ге жуық адам жөндеу жұмысында еңбек етіп, тер төккен мәдениет сарайының алдындағы абаттандыру жұмыстары да мәреге жетуге жақын. Жарықтандырылуы да талапқа сай тартылған. Сарайға келген жұрт сейілдейтін аллеяға қойылған орындықтар да әр беріп тұр. Ақпанның сары шұнақ сықырлаған аязында басталған жұмыс жүйелі жүргізілген. Нәтижесі – мәдениет сарайының бүгінгі бейнесі.
Қаланың барлық салтанатты жиыны өтетін сарайдың көркі кірген. «Темірзат» ЖШС Мәдениет сарайына оның сұрқын алып тұрған сұр көйлегінің орнына талғаммен, кестеленген, кіржуалы ақ көйлек кигізген. Еңсесі көтеріліп қалған. Күн астындағы Күнікейден айдай сұлу Айсұлуға айналып шыға келгендей.
Қ.АЙТЖАНОВА,
Теміртау қаласы.
Суреттерді түсірген Ж.Иманәліұлы.

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
18 Қаңтар 2013
Караганда Другие города
-14 °C
без осадков,пасмурно
Ю-З, 1 м/с
18 Қаңтар 2013
Доллар США   150.80
Евро   201.21
Российский рубль   4.98
 
Послание Президента РК
 
ҚР Президентінің Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Обучение компьютерной грамотности
           
 
Государственные закупки
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх