Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст

МАГНИТКА АЛАУЛАРЫ



Төлеген АДАМ-ЮСУПОВ,
Социалистік Еңбек Ері, КСРО-ның құрметті металлургі,
Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері.

1959 жылдың басында Қазақстан газеттерінде партия мен комсомолдың «Қазақ жастары – Қазақстан Магниткасына!» деген шақыруы жарияланды. Осы шақыру бойынша мыңдаған қазақ жігіттері мен қыздары Теміртау қаласына, бір кездегі Самарқан поселкесіне екпінді комсомолдық құрылысқа аттанды. Солардың қатарында мен де болдым. Бізді, 60 қазақтан тұратын топты Магнитогорскіге домна пешінің горновойы мамандығына оқуға жіберді. Оқу екі циклдан тұратын: түске дейін – теория, түстен кейін – Магнитогорск металлургия комбинатында практика. Мен өзім – осы жерде өскен адам едім, тракторист, паровоздың кочегары болдым, комбайнның штурвалына тұрдым. 1500 градус температурада жалын атқан отты пеш, адам төзгісіз ыстық, ондаған мың адам еңбек ететін алып металлургия комбинаты және т.б. – осының бәрі маған, жиырма жасар жігітке үлкен әсер етті. Ыстық металмен алғашқы кездескенім әлі есімде. Құю ауласына көтерілгенде аяқ астынан ағып жатқан отты балқыманы көрдім. Кері серпіліппін. Мастер күлді: «Ештеңе етпейді – үйреніп кетесің!».
Шынында да үйреніп кеттім де, оқи бастадым. Бізді жай да қатаң оқытатын: қайсыбір операцияны қалай орындалатынын көрсетеді – содан соң қайталауыңа мүмкіндік береді. Жұмыс ауыр және қатерлі. Горновойға оқыған 60 қазақ жігітінен он шақтысы ғана Теміртауда жұмысты жалғастырды. Біздің мастеріміз, Социалистік Еңбек Ері А.Шатилин қоштасарда былай деді: «Сендер – өз республикаңның тұңғыш горновойларысыңдар. Қазақстандағы жаңа мамандықтың негізін қалайсыңдар. Мұнымен мақтаныңдар да, қадірлей біліңдер». Мен 1960 жылдың наурызында курсты үздік бітіріп, горновойдың көмекшісі жұмысына кірістім. Бізбен қатар Днепродзержинскіде оқып келген жігіттер болды. Солардың арасында Нұрсұлтан Назарбаев, ол домна пешінде комсомол жұмысына ауысқанша 9 жыл жұмыс істеді. Металлургия заводының түрлі цехтарында Мәскеудің болат және қорытпа институтының түлектері Махмуд Ақбиев (кейін Қарметтің бас директоры болды) және Төлеубек Хамзин (Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері) де жұмыстарын бастады.
1960 жылдың 3 шілдесінде біз шойынның тұңғыш балқымасын бердік. Бұл Қарағанды металлургия комбинатының ресми өмірбаянының басталуы! Әрине, бұл күнге дейін азапты дайындық жұмыстары жүргізілді. Ол уақытта Теміртау бір алып құрылыс алаңына ұқсас. Тұрғын үй жетіспейтін – мыңдаған адамдар палаткаларда тұрды. Осының бәрі менің ойымша Қарметтің басшылығына назарларын тек қана жоспарды орындауға ғана емес, жұмысшылардың өмір сүру жағдайын жақсартуға аудартқызды. Жатақханалар мен шағын отбасылық пәтерлер жылдам қарқынмен салына бастады. Өзге қалаларға қарағанда Теміртау «Одақтық қамтамасыз етуге» көшірілген еді – кейін азық-түліктен де, өндірістік-тұрмыстық тауардан да мұқтаж көрмедік.
1965 жылы мен домна пешінің аға горновойы дәрежесіне ие болдым. Берік, кәсіби бригада қалыптасты. Ол туралы режиссер В.Татенко кейін «Адам, Кузьмич және басқалары» атты деректі фильм түсірді («Қазақфильм» студиясы). Кузьмич – бұл обер-мастер Кузьма Павлович Геращенко. Ол менің өмірде де, кәсіпте де ұстазым болды. Кузьма Павлович ұжымды жұмылдыра білді. 1965 жылы Қармет бесжылдықты төрт жылда орындады. Көптеген металлургтер наградаларға ие болды. Менің де еңбегім Еңбек Қызыл Ту орденімен аталып өтті. Оныншы бесжылдықты (1976-1980 жж.) біздің бригада жоспардан тыс 5 мың тонна шойын қорытты. Көптеген адамдар жоғары наградаларға ұсынылды. Солардың арасында маған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді (1981 ж). Одан бұрын, 1974 жылы менің еңбегім Ленин орденімен аталып өтті.
Сондай-ақ КПСС-тің ХХV съезінің делегаты болу құрметіне ие болдым. Қарметтен екі делегат болды – Нұрсұлтан Назарбаев, завод партком хатшысы және мен, жұмысшы табының өкілі ретінде.
Негізгі жұмыспен бірге КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10 және 11 шақыруларының депутаты ретінде қоғамдық және мемлекеттік мәселелермен де айналыстым. 1984 жылдан КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқардым. Бұрын да, қазір де Қазақстан халықтарының достығы мен тең құқылы болуы біздің еліміздің негізгі байлығы деп есептеймін!
2000 жылы Қазақстан шойынының 40 жылдығы тойланды. Біз Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге үстімізге жұмыс киімі мен каска киіп кезекті отты балқыма бердік. Достық вахтасына тұрып, домнаның көрігінен от селін жалындаттық.
Ерекше әңгіме – бұл қазақ жұмысшы табын қалыптастыру. Менің ойымша, Республиканы одан әрі индустриаландыру жергілікті ұлт өкілдерінен жоғары білікті жұмысшылар мен инженер-техник кадрларын құру қажеттігіне әкелуге тиіс. Ол үшін кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін қалпына келтіру қажет. Сонымен бірге жұмысшы мамандығының, соның ішінде металлург жұмысшының беделін көтерген абзал. Мемлекеттің индустриалдық қуаты, соның ішінде оның әскери қауіпсіздігі өндірістік қуаттар мен металлургтердің екпінді еңбегіне байланысты.
Қазақстан Магниткасының мерейтойы – республика өміріндегі аса зор оқиға. Осы күні біз аға ұрпақ өкілдерінің индустриалды мемлекет құру жөніндегі күресіндегі қиын жолын еске аламыз. Қарағанды металлургия комбинатының бастауында тұрған адамдар қандай абырой мен атаққа болсын әбден лайық.
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
18 Қаңтар 2013
Караганда Другие города
-13 °C
без осадков,пасмурно
Ю-З, 2 м/с
18 Қаңтар 2013
Доллар США   150.80
Евро   201.21
Российский рубль   4.98
 
Послание Президента РК
 
ҚР Президентінің Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Обучение компьютерной грамотности
           
 
Государственные закупки
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх