Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст

КӨРМЕНІҢ ІШІ – ӨТКЕН ШАҚТЫҢ КӨРІНІСІ



Биылғы жыл Қазақстанда Теміртау металлургия комбинатының 50-жылдығы болып жарияланғаны белгілі. Осыған орай Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы қорындағы кескіндеме және графикалық шығармалардан, сондай-ақ, теміртаулық фотосуретшілердің жұмыстарынан көркем фото көрме ұйымдастырылды.

Қазақстан Магниткасы бүкіл әлемге әйгілі. 1958 жылы Қазақстан Магниткасының құрылысы бүкілодақтық іс деп жарияланды. Шалғай жерлерден өзге ұлттардың сан мыңдаған өкілдері ағылып келіп жатты. Жаңаша тірлік, жаңа бір өмір басталды олар үшін. Қазақстаннан екі мың жас Украинаға, металлург aмамандығын алуға аттанды. Осылардың ішінде қазіргі Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев та бар еді. Мұндағы қауырт тірлікке келіп араласқандар ерен еңбек үлгісін көрсете білді. Олар «қалаған әр тасымыз коммунизмге бір табан жақындатады» деп сенді...
Кеңес өкіметі құлағаннан кейін, ақ-қарасын айырдық. Көбіне жамандығын әшкерелеп, жерідік. Бірақ коммунизмнің бізге берген жақсылығы да бар екен... Көрмені аралап жүргенімізде осы ойлар санаға шырмауықтай оралды. Міне, біреуінде балқытып құйылып жатқан шойын. Біреуінде – зәулім құрылыс. Құмырсқадай қаптаған ел... «Мәскеу бірден орнаған жоқ» деген орыс мәтелі бар. Ал біз кешегімізге үңілсек, Қарағанды мен Теміртау сарыдалаға ғайыптан пайда болғандай екен. Осы қаптаған көпқабатты үйлерді тұрғызған кімдер? Көнекөз қариялардың айтуынша, бұл жерде ат бойы көрінбейтін қараған болыпты. Шахтаға жұмысқа келгендер сол қарағанның басын буып, жертөледе тұрғанын да естігенбіз. Енді, міне, сол жерде қараған емес, зәулім үйлер. «Елу жылда ел жаңа, жетпіс жылда жер жаңа» деп, данышпан қазақ қалай тауып айтқан. Көрменің іші осы ойға жетелеп, қаланың өткен күнінен елес береді. Қалың қараған...
Көрменің ашылуында облыстық мәдениет басқармасының бастығы Рымбала Кенжебалақызы сөз сөйлеп, осы жиынның маңызы мен мазмұнына тоқтала кетті. Одан кейін сөз алған құрметті металлург, Парасат орденінің иегері Колбасин Владимир Петрович өткен күннен біраз естеліктер айтты. Магнитканың құрылуындағы қиын да қызық кездерді әңгімеледі. Жиылған жұрт ұйып тыңдады. Қарияның айтқан ғұмырнамасынан өткен шақ жайынан қаныққаннан кейін, әр туындыға зер сала, шұқшия қарап, әлдене іздегендей едік. Іздейтініміз – тарих. Бөлме ішіне 1958 жылғы туындылар да ілініпті. Бұл картиналарды сол кездің айнасы деп бағалауға әбден негіз бар. Себебі, суретші өзі өмір сүріп жатқан қоғамды бейнелейді.
Галареяның кіре берісінде 1960 жылы 3 шілдеде алынған тұңғыш қазақ шойыны тұр. Онан төменіректе сапасын тексеруге алынған алғашқы шойын сынамасы да бар. Бұның бәрі тарихи жәдігер!
Қабырғаға ілінген суреттердің ішінде Ә.Ысмайловтың «Теміртау», Н.Г.Растопчиннің «Қазақстан Магниткасы», А.П.Дроздовтың «Болат құю», А.Латыниннің «Металлург А.Мейрамовтың портреті» сынды туындылары бар. Картиналарда өткен күннің нақты бейнесі. Сондықтан болар, көрмені аралап жүріп, қиял-ғажайыптағы «Уақыт машинасымен» өткен шаққа тап болғандай күйге енесің.
Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ.
      
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
19 Қаңтар 2013
Караганда Другие города
-16 °C
без осадков,пасмурно
Ю, 4 м/с
19 Қаңтар 2013
Доллар США   150.65
Евро   201.19
Российский рубль   4.98
 
Послание Президента РК
 
ҚР Президентінің Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Обучение компьютерной грамотности
           
 
Государственные закупки
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх