Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст

Теміртауда мешіт бой көтерді



Теміртаудың ат төбеліндей қазақтарының тілегі Құдайдың құлағына шалынды. Көп жылдан бері ондағы мүміндерге арман болған талапқа сай мешіт Қазақстан Магниткасының 50 жылдық мерейтойында табыс етілмек. Құрылысты «Қазақмыс» корпорациясы қаржыландырып, мешіттің жобасын осы корпорацияның жобалау құрылыс институты жасаған болатын. Теміртауға кіре беріс жолдың аузында күмбезі көкпен таласа бой көтерген жаңа мешітте 300 адам бір уақытта Аллаға құлшылық ете алады. Мешіт мұнарасының биіктігі 27 метр.Мешіттің алып тұрған жалпы аумағы 2280 текше метр.
Мешіттің құрылысын жүргізген «Спецстройнадзор» ЖШС. 408 млн.теңге қаржыға салынған құдай үйінің 400 адамға арналған асханасы, медресеге арналған сыныптары, кітапхана және дүкен секілді мешітке қажетті қызметтері бар. «Спецстройнадзор» ЖШС-нің басшысы Кеңесхан қажы Басқарбаев құрылыс барысында мешіт ішінде өзгерістер болғанын жеткізді.
Мәселен, мешіттің жобасы 200 адамдық. Жоба бойынша имамның, медресенің бөлмелері, кітапхана, т.с.с. мешіт ішінде орналасуы керек еді. Алайда, мешіт тек мұсылманның бір парызы – намаз оқуға арналуы тиіс дегенді ұстанған олар, ішінара өзгерістерге жол берген. Сөйтіп, мешіттің намаз оқитын залдары кеңіп, 300 адамға арналған. Енді мешіттің өзінде тек намаз ғана оқылады. Ал ас беру, медреселік сабақтар өткізу, имам, неке қию, қызметкерлер бөлмелері, т.б. мешіттің ауласында бөлек, жеке дара шаруашылық бөлігінде орналасқан.
Медреселік сыныптар 48 балаға дәріс беруге арналыпты. Өзбекстаннан арнайы мамандар шақырылған. Мейлінше сапалы, салиқалы етіп тұрғызуға ұмтылған. Іші-сырты көз тартатын мұндай мешітті Теміртау күткелі қанша жыл. Кеңесхан Ысқақұлы «мешіт құрылысы 2008 жылы тәмамдалуы керек еді. Бірақ қаржылық дағдарыс тарапынан «Қазақмыс» корпорациясы қаржыландыруын кешеуілдетіп алды. Сондықтан да 2008 жылы тапсырылмады», - дейді.
Теміртаулық қазақтардың түн ұйқысын төрт бөлген мешіт мәселесінің мезгілінен кеш болса да, әйтеуір бір оңтайлы шешілгеніне қуандық. Бұған дейін балабақшаны мешіт жасап келген, орысы ормандай Теміртаудағы бауырларымыздың бұл – жылдар бойы аңсағаны еді. Сол армандарына жылдар жылжып өткенде, қол жеткізді.
Теміртаудағы барша мұсылман бір кездері мешітті өз қаражаттарымен тұрғызып алуға да тырысқан-ды. Әркім барын берді. Аянып қалған ешкім жоқ-тын. Дегенмен, қомақты қаржы әп-сәтте жинала қоймағандықтан, мешіт құрылысын жандандыру да күрделенген. Талаптанып, талпынып қойған. Сонда да «түбі Теміртауға бір мешіт керек», - деген тілек-арман мұсылман қауымның көкейінде қонақтап, ұя салып қалған еді. Үміттерін үзбеген. Бүгінде ақ түйенің қарны жарылды. Көкейдегі тілек-арман Алла жар болып, жүзеге асты. Бәрекелді!
Қызғалдақ АЙТЖАНОВА.
ТЕМІРТАУ қаласы.
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
19 Қаңтар 2013
Караганда Другие города
-16 °C
без осадков,пасмурно
Ю, 4 м/с
19 Қаңтар 2013
Доллар США   150.65
Евро   201.19
Российский рубль   4.98
 
Послание Президента РК
 
ҚР Президентінің Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Обучение компьютерной грамотности
           
 
Государственные закупки
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх