Елбасы Елімен бірге



1960 жылдың 3 шілдесінде Қарағанды металлургия заводының №1 домна пешінен тұңғыш Қазақстан шойыны алынды. Бұл күн халқымыз мақтанышпен Қазақстан Магниткасы деп атап кеткен металлургия алыбының дүниеге келген күні болып есептеледі. Тұңғыш шойын алу еңбек вахтасына қазіргі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев та қатысқан болатын. Теміртаулықтар, бүкіл қазақстандықтар Қазақстан Магниткасының 50 жылдығын үлкен салтанатпен атап өтпек. Осы тойды қызықтау үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнайы жұмыс сапарымен келеді. Ол бүгін Қарағандыда жаңадан салынатын ҚазБелАЗ жаңа заводының іске қосылу салтанатына қатысады. Ертең Теміртауда тұңғыш Қазақстан шойынның 50 жылдық құрметіне мерекелік балқыма өткізіледі. Оған байырғы горновой Н.Назарбаев өз әріптестерімен бірге қатысатын болады. Мереке құрметіне күрделі жөндеуден өтіп жаңарған, жасарған Металлургтердің мәдениет сарайында салтанатты жиналыс өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Елбасы осы мереке құрметіне жаңадан салынып, ашылатын балабақша, Неке сарайы, мұсылмандар мешіті және православие храмын аралап көреді.
Мереке құрметіне Қарағанды мен Теміртау қалаларында Қазақстан және Ресей эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттер, Днепропетровск (Украина) шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы және «Ұлы дала сазы» атты дәстүрлі түрік музыкасының І-ші халықаралық фестивалі және т.б. мәдени шаралар өтеді.
(Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналған басқа материалдарды газетіміздің 2, 3 және 6 беттерінен оқисыздар).
СУРЕТТЕРДЕ: Елбасы Н.Назарбаев «МиталлСтил Теміртау» АҚ қызметкерлерінің арасында; жөндеуден өткен Металлургтер монументі; жаңадан іске қосылған мұсылмандар мешіті; Неке сарайы; православие храмы; Металлургтердің мәдениет сарайы; балалар бақшасы.
Беттегі суреттерді түсірген Ж.ИМАНӘЛІҰЛЫ.

 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
16 Қазан 2012
Караганда Другие города
+5 °C
без осадков,ясно
Ю, 2 м/с
16 Қазан 2012
Доллар США   150.62
Евро   195.16
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх