Магнитка алаулары логотип
Қазақстан Магниткасы деген атау қайдан шықты, оның алғашқы қазығы қашан қағылды, туған күні деп қай кезді атап өтуіміз керек деген заңды сұрақтар туады. Мамандардың пікірлері де әртүрлі. Біреулер Қазақстан Магниткасы деген ұғым Бүкілодақтық комсомолдық екпінді құрылыстың басталу сәтін бейнелейді десе, енді біреулер бұл жаңа заводтың тұңғыш өнім берген күні деп пайымдайды.
Магнитка сөзі Уралдағы магенетит кені шыққан Магнитая тауының етегінде өткен ғасырдың 20-жылдарының аяғында салына бастаған Магниторск металлургия комбинатының атынан алынған. Онда 1931 жылғы 15-мамырда рудник, 19+32 жылғы 31- қаңтарда бірінші домна пеші көрікке қосылған.1933 жылғы 8-шілдеде бірінші мартен пеші қосылды. 1933 жылдың 28 шілдесінде блюмитнг қарашада үздіксіз дайындау станы, 1934 жылдың тамызында ірі сортты 500 прокат станы қатарға қосылды. Негізі темір кен базасы –Магнитая тауы мен Соколов –Сарыбай кен-байыту комбинаты делінген Үлкен Кеңестік Энциклопедияда.
Елуінші жылдардың соңында Сарыарқа төскейінде салына бастаған толық циклді металлургия заводын халқымыз мақтанышпен Қазақстан Магниткасы деп атап кетті. Толық циклді деп темір кенінен шойын қорытатын домна пеші, одан мартен немесе конвертерден болат балқытатын, одан блюминг немесе слябинг және қаңылтыр алатын прокат стандары бар металлургия өндірісін айтады. Ал бұдан бұрын 1944 жылы іске қосылған Қазақ металлургия заводында домна процесі болмады мартенде болат металл сынықтарынан қайра қорытылды.
Ендеше Қазақстан Магниткасының бастауы қай кезең десек екен.Үлкен Магниткадай темір кені барланып базасы іске қосылған күн бе. Әлде домнаның немесе кокс батереясының алғашқы қазығы қағылған немесе іргетасы қазылған яки болмаса оған тұңғыш бетон құйылған күн бе. Кәсіпорын шежіресінде осының бәрі алтын әріппен жазылған. Мүмкін оның бастауы еліміздегі қара металлургияның бастауы қара шаңырағы -Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында қатарға қосылған Қазақ металлургия заводы қаз тұрған күн шығар. Бұл сұраққа жауапты байырғы металлург, көп жылдар Теміртауда, Қарметкомбинатта басшылық қызметте болған, комбинат тарихынан кітап жазған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жазушы Роллан Сейсенбаевқа берген сұхбатында былай жауап береді : «Қарағанды металлургия комбинатының туған күні деп тұңғыш Қазақстан шойыны алынған 1960 жылғы 3 шілде есептеліп жүр. Сондай-ақ, 1944 жылдың 31 желтоқсаны да айтулы дата –сол күні Қазақ қайта қорыту металлургия заводынан тұңғыш Қазақстан болаты балқытылды. Республиканың тұңғыш мартен пешінен тұңғыш Қазақстан болаты алынды...
1960 жылдың шілдесінде мыңдаған құрлысшылар мен металлургтер Вадим Романов ауысымның жұмысын тағатсыздана қадағалады.15 сағат 7 минутта аға порновой Николай Набиуллин электр бұрғысын қосты. Науалармен отты сел атып шықты-тұңғыш Қазақстан шойыны ақты.
Источник: газета «Жаңаарқа» №36 от 5.06.10г.
|