Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст

Мүсіншілер мен суретшілердің Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналған Халықаралық симпозиум - пленэрі



2010 жылы 5 маусымда «Арселор Миттал» АҚ көмір департаментінің ғылым мен техника Сарайында Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналған симпозиум-пленэрдің салтанатты ашылуы болды. Оған Қарағанды мен Теміртау қалаларының қоғамдық өкілдері қатысты. Құрметті қонақтар қатарында – Қарағанды облысы мәдениет басқармасының бастығы Рымбала Кенжебалақызы Омарбекова, Теміртау қаласының әкімі Нұркен Ертайұлы Сұлтанов, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулин, Теміртау маслихатының хатшысы Анатолий Петрович Аркатов.
Пленэрді Теміртау қаласының әкімі Н.Е.Сұлтанов пен Қарағанды облысы мәдениет басқармасының бастығы Р.К.Омарбекова ашты. Пленэрге қатысушылар атынан Астана қаласынан келген мүсінші, ҚР Суретшілер одағының, Канада мүсіншілер Ассоциациясының мүшесі А.Баярлин және Ресейден келген қонақ, Краснояр көркемөнер институтының профессоры А.Ткачук жауап сөз сөйледі. Салтанат баспасөз конференциясымен аяқталды.
Симпозиум-пленэрге қатысқан Астана, Алматы, Көкшетау, Красноярск (Ресей) және Қарағанды қалалары мүсіншілері шығармаларының тұсаукесері өтті, бұлар бір ай бойында (29 маусымға дейін) мерейтой күніне арналған мүсін жасаумен шұғылданады.
Пленэрге 10 мүсінші, 10 суретші қатысады. Қорытындысы 2010 жылдың 30 маусымында шығарылады.
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
19 Қаңтар 2013
Караганда Другие города
-16 °C
без осадков,пасмурно
Ю, 4 м/с
19 Қаңтар 2013
Доллар США   150.65
Евро   201.19
Российский рубль   4.98
 
Послание Президента РК
 
ҚР Президентінің Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Обучение компьютерной грамотности
           
 
Государственные закупки
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх