Газы жоқ домна
Қазақстан Магниткасының 50 жыл¬дығын атап өтуге байланысты салынып жатқан жаңа құрылыстар мен жөнделіп жатқан нысандардағы жұмыстар кестеге сай атқарылуда. Теміртау қаласының әкімі Н.Сұлтанов өткен жұма күні облыс әкімдігінде болған мерекелік комис¬сияның отырысында осылай мәлімдеді. Өзінің басты кәсіпорнының тойын қала масатыдай құлпырып қарсы алмақ. Әсіресе, 50 жылдықтың салтанаты өтетін Мәдениет сарайы күрделі жөндеуден өткізіліп, мүлде жаңартылуда. Мереке күндері қалада ірі халықаралық ғы¬лыми конференция, «Ұлы дала сазы» атты түріктің дәстүрлі саз фестивалі, «Ән мен әнші Арқада» атты эстрада әндері фестивалі, мерекелік концерт, суретшілер көрмесі сияқты мерекелік шаралар да ойластырылған. Осыларға дайындық барысы туралы Қарағанды индустриалдық университетінің ректоры Ә.Найзабеков пен облыстық мәдениет басқармасының бастығы Р.Омарбекова әңгімеледі.
– Мерекелік шаралар аясында Елбасының қатысуымен достық бал¬қымасын өткізу де жоспарланған. Қо¬нақтарды №4 домнаның құю алаңында газдың болмауы таңқалдыруға тиіс, - деді облыс әкімі С.Ахметов. - Бұл үшін арнайы саркофаг жасалмақ. Жалпы алғанда, «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы өндірісті жаңартуға үлкен көңіл бөліп отыр. 2013 жылға қарай барлық домна пештері жөндеуден өтіп, заманауи технологиялармен қаруланатын болады.
Магнитка тойы Орталық Қазақстан өңірінде кен-металлургия өндірісінің қарышты дамуын, әрі білімі мен мәде¬ниетінің де өскелең өмір талабына сай өсе түскенін паш етпек.
Өз тілшімізден.
Источник: «Орталық Қазақстан» от 8.06.10г.
|