Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст

Тойға тарту – неке сарайы



«Тойдың болғанынан боладысы қызық». Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына орай таңның атысы, күннің батысы Теміртауда тынымсыз еңбек. Мерейтойдың болғаны жақсы екен. Сол тойдың желеуімен талай кем-кетік түзеліп, олқылықтар орнына келеді. Теміртау мерейтойы қарсаңында түлеп, түрлене түскендей. Оның үстіне биылғы тойға Елбасының өзі арнайы келетіні де ондағы атқарылар әр жұмысқа жұрттың жаппай назарын аударған. Құрылысы қарқынды. Көшелері көріктендіріліп, түзелген. Жолы асфальтталып, тротуарларына түгелдей дерлік тас тө¬селгендігі сондай, тек немістер секілді шаңсорғышпен сорып, шампуньмен жуу ғана қалып тұрғандай. Қала өміріндегі маңызды нысандар да той қарсаңында күрделі жөндеуден, қайта қалпына келтіруден өткізілуде.
Қарағандылықтарға қарағанда, темір¬таулықтардың бағы бар. Олар бұйырса, жаңа неке сарайына ие болмақ. Теміртау қаласының Шығыс шағынауданында орналасқан қаладағы алғашқы кинотеатрлардың бірі болған «Шығыс» кинотеатры қайта қалпына келтіру жөндеуінен өтіп, неке сарайы ретінде ұсынылады. Біраз жылдардан бері жеке меншікте болып, бірақ, қаңтарылып қарап тұрған кинотеатрда құрылыстың басталғанына бес айдан астам уақыт өтіпті. Желтоқсанның 26-да қолға алынған шаруаның көбі еңсерілген. Жөндеу жұмыстарын ұтып алған «Темірстрой» ЖШС директоры Валерий Владимирович Панин мырзаның айтуынша, неке сарайының 85 пайызы дайын. Тапсырылатын мерзімі, кесте бойынша 10 маусым. Дегенмен, ауа райының құбылмалығы кедергі келтіріп отырғандай. «Бірақ межелі уақытта жұмысты тәмамдау үшін бар күшімізді саламыз» дейді директор.
Бұл құрылыста 63 адам тер төгуде. Неке қию залынан басқа, банкеттік және вип (vip) залдары болатын неке сарайының еңсесі биік, қазіргі талғамға сай. Бұл құрылыстың тапсырыс берушісі - облыс әкімдігі. Ал құрылысқа салынған инвестиция жеке кәсіпкердікі. (Бірақ неге екенін кім білген, Валерий Владимирович қанша қаржы жұмсалып отырғанын және бұл жомарт кәсіпкердің кім екенін айтудан бас тартты. Мейлі. Кім болса да, әйтеуір игілікті іс қой дедік). Құрылыс жұмысы тәмамдалуға жақын. Ендігі қалғаны -сырлау, көгалдандыру, абаттандыру.
Теміртаулықтар облыс әкімі С.Ах¬метовтің сонау бір жылдары Теміртауда әкім болған кезінде қаланың сұрқын алып, осы бір жабулы тұрған кинотеатр¬ды «неке сарайы жасаймын» деп жиі айтатынын естеріне алады. Сол айтылған сөз, ойға алған іс араға жылдар салып, әкім мырза облыс басшысы боп келгенде, орайын тауыпты. Неке сарайы теміртаулықтардың мерейтойына да, үйлену тойларына да тамаша бір тарту болары сөзсіз.
Теміртаудағы қыз-қыз қайнаған еңбекті көріп, марқайып қаласыз. Көр¬ген көз сүйсінеді. Сол сүйсінген көзді бір алаң көлегейлей берді. Ол - ана тіліміздегі жазулардағы қателер.
«Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді». Теміртаудың кіре берісіндегі көп қабатты үйге ілінген қазақша жазудың бір әрпінің түсіп қалғаны, одан кейін қала ішіндегі Елбасы Жол¬дауының қазақшасындағы қате, көңілі¬мізге көлеңке түсірді. Көріп тұрып, көр¬мегенсуге арымыз жібермеді. Үн¬сіз қалсақ, ана тіліміздің кешпесі тағы анық. Сосын айтып отырмыз. Тойға дейін уақыт бар. Теміртауда қа¬зақ¬шасы түзу бір пенде табылар. «Гүл¬денер Теміртауым!»-ды, Елбасы жол-дауындағы қатені түзетіп, тіліміздің оба¬лына қалмай, сауабын алар дейміз.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА.
ТЕМІРТАУ қаласы.
Источник: «Орталық Қазақстан» от 8.06.10г.
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
19 Қаңтар 2013
Караганда Другие города
-16 °C
без осадков,пасмурно
Ю, 4 м/с
19 Қаңтар 2013
Доллар США   150.65
Евро   201.19
Российский рубль   4.98
 
Послание Президента РК
 
ҚР Президентінің Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Обучение компьютерной грамотности
           
 
Государственные закупки
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх