ДОМНА ПЕШІНІҢ ТАҒАНЫ ҚАЛАНДЫ



Елуінші жылдардың соңын ала Қазақстан қара металлургия саласының екінші тынысы ашылуына алғышарттар жасала бастады. Өйткені бұл жылдары кешегі жетістік бүгінге өлшем болудан қалған еді. Сөйтіп, ескі ме¬талл балқыту заводының негізінде осы заманғы болат балқыту кәсіпорнын іске қосу, бұрынғы өндірістің қуатын арттыру ісі қолға алынды. Ол қазақстандық домна пешінің тас табанын қалаудан бастау алды. Осы келелі іс қараша айына жоспарланғанымен қалыптасқан жағдай жұмысты сәл кешіктіріп барып қолға алуға мәжбүр етті. Солай десек те осы 1957 жылғы желтоқсанда Теміртау тағы бір белеске қадам басты. Атап айтқанда 7 желтоқсандағы күндізгі сағат 12-де бірінші қазақстандық домнаның тас та¬баны қаланды. Осы жауапты істі жүзеге асырушылдардың алдыңғы шебінде Иван Головонов пен Сергей Матюшкиннің бригадалары жүрді. Олар өздерінің екпінді еңбектерімен домна пешінің фундаментін қалаудың бір айға кешіккен кемшілігін ұмыттырып та жібергендей болды. Фундамент төсеуші брига¬далар ұжымы өздеріне жүктелген істі бес тәулікте аяқтап шығуы қажет деп белгіленген. Онда Арқаның осы кезеңдегі ауа-райы, жұмыстың күрделі жағдайда жүргізілетіндігі ескерілген.
Кең байтақ Отанның әр түкпіріндегі талай-талай алып құрылыстың іргесін қаласып, солардың дер кезінде іске қосылуына мұрындық болған тәжірибелі құрылысшылар ә дегеннен-ақ іске білек сыбана кірісіп кетті. Соның нәтижесінде бетон төсеу жұмысы әуелдегі белгіленген бес тәулік деген мерзімінен ерте небәрі үш тәуліктің ішінде құйылып болды. Домна пешінің іргесін төсеу Ұлы Октябрь мерекесінен бір ай кешіккенімен оның межеленген мерзімінен бұрын іске қосылатындығын осының өз-ақ баршаға ұғындырғандай болып еді. Сөйтіп Го¬лованов пен Матюшкиннің бригадала¬ры домна пешінің тас табанына осы үш тәулікте 1880 текше метр бетон төсеген. Домна пешінің іргесін қалаушылар оған «ВЛКСМ-нің 40 жылдығы атындағы домна пеші» деген атау берді. Сол 57-жылдың желтоқсанында құйылған бетонның іргесіне тақтайшаға: Осы жерде «Казме¬таллургстрой» тресінің құрылысшылары Совет өкіметінің 40 жылдығында ВЛКСМ-нің 40 жылдығы атындағы алғашқы Қазақстан домна пешінің іргесін қалады», деген сөз жазылды.
Болашақ алыпқа басқа емес Комсо¬мол есімінің берілуінің де мәні бар еді. Себебі осы құрылыста бұған дейін де жастар аз болмаса, олардың қатарының алдағы кезеңде де өсе түсерін барша халық тәрізді, жоғары орындар да жақсы білді. Бұған дейінгі құрылыстар тәрізді Қазақстанның алғашқы домна пешінің де жалын жігер жастар қолынан тұрғызылып, бой көтерері, іске қосылары баршаға белгілі болатын. Сондықтан да болар партия мен үкімет жастардың еңбегіне лайықты баға беріп, Теміртаудағы құрылыстың өзегі болып саналатын до¬мна пешіне комсомол есімін берген еді.
Бұл жалпы Совет еліндегі комсомол жастардың еңбектегі өрлеу кезеңі еді. Сібір мен Қазақстанның, елдің басқа да өңіріндегі алып құрылыстың бел ортасын¬да жастар жүрді. Жастар жаппай орта ар¬наулы білім алып, қарапайым мамандық иелері атанып, комсомолдық жолдамамен Одақтың сан тарауына аттанып жатты.
Келер жылы, яғни 1958 жылы өтетін комсомол өміріндегі үлкен оқиға - комсомолдардың Бүкілодақтық съезіне дайындық жұмысы қауырт жүріп жатқан. Комсомол съезіне мол табыспен жетуді мақсат етіп, жоғары міндеттемелер алғандар ішінде теміртаулықтар да болды.
1958 жылғы наурызда Қазақстан комсомолының ІХ съезі өтті. Он¬да съезд делегаттары Қарағанды мен Теміртаудағы құрылыстарға аса жоғары мән берді. Жалпы Теміртау деген ұғым тек жалғыз металл қорыту заводын білдірмейтін. Оған көптеген қосалқы құрылымдар да енді. Соның ішінде ме¬талл заводын тас көмірмен қамтамасыз етудің маңызы үлкен екені де естен шықпады. Сондықтан да республика комсомолының съезі Теміртау метал¬лургия заводын көмірмен жабдықтауды қамтамасыз етуге тиісті деген мақсатпен құрылысы басталған Қарағанды кенішіндегі Тентек және Шерубай-Нұра кен орындарының төрт шахтасын республикалық екпінді құрылыс деп жари¬ялайды. Сол арқылы Теміртаудың жұмыс күшіне деген зәрулігін шешудің мәселесі шешілді. Одақтық министрліктер мен ведомостволар ендігі күнде Теміртауға баса көңіл бөлетін болды. 1958 жылы маусымда ВЛКСМ Орталық Комитеті Теміртау қаласында одақтас республи¬калар ЛКСМ ОК, облыстық, қалалық, комсомол комитеттері хатшыларының, Қарағанды металлургия комбинаты мен оның кен руда және көмір өнеркәсібі кәсіпорындары, ұйымдары, құрылыс және жобалау мекемелері комсомол комитеттері жетекшілерінің Бүкілодақтық кеңесін өткізді. Бұл да ел назарын Теміртауға аударып, комсомол съезіндегі Бүкілодақтық екпінді құрылыс деген ата¬уын одан әрі бекіте түскен болатын. Осы кеңеске тек комсомол қызметкерлері ғана емес Одақтық мәртебелі министрліктерден, партия және совет ұйымдарынан, кәсіподақ ұйымдарынан өкілдер қатысты. Бүкілодақтық кеңес ме¬таллургтер қаласының алдындағы тұрған келелі мәселелерді көтерді. Таяудағы міндеттер мен алдағы асуларды белгіледі. Сөйтіп кеңеске қатысушылар Москва, Курск, Брянск облысы комсомол ұйымдарының Теміртаудағы «Казметал¬лургстрой» тресінің өндірістік базасы¬на шефтік қамқорлық көрсетуі керектігі туралы шешім қабылдаған. Осы және кеңестегі басқа да көтерілген мәселелер сол кезде түрлі деңгейдегі басылымдар¬дан орын алды. Кейін Теміртау шежіресін өрнектеген түрлі кітаптарда металлургтер қаласында өткен Бүкілодақтық комсомол қызметкерлерінің кеңесі елеулі оқиға ретінде сан қырынан көрсетіліп жазыл¬ды. Айта кету керек осы кеңес Теміртауға тағы да 1100 тәжірибелі жас маманды жіберу қажет деген шешім алады.
Қала құрылысы, ондағы өндіріс ошақтары белгілі бір жүйемен, жоспар¬мен жүзеге асты. «Наша Магнитка» кітабы домна пешін Днепропетровск, Кузнецк, Челябинск пен Запорожье облыстарының екпінді бригадалары, кокс химиясы цехын Москва, Свердлов пен Луганск облыстарының өкілдері, агло¬мерат фабрикасын волгоградтықтардың салғанын жазады. Кен рудасы базасының негізін Башқұрт АССР-ның, сондай-ақ Ленинград, Горький, Орел, Астрахань облысының жастары қалаған. Осының өзі-ақ Теміртауды жалпы Советтер Одағы болып салғанын, оған кең байтақ елдің әр түкпірі қол ұшын бергенін көрсетеді. Сол елуінші жылдардың соңында Теміртау шын мәнісінде халықтық құрылысқа ай¬налды. Оның алдыңғы шебінде жастар жүрді. Өз өкілдерін жібере алмағандар құрыш қаланы түрлі жабдықтармен, азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етіп отырды. Қазақстан Магниткасының жас құрылысшыларын жарыс көрігін қыздыруға шақырды. Оларды ынталан¬дыру мақсатында ВЛКСМ ОК-нің Ауыспа¬лы қызыл Туы тағайындалды.
Алпысыншы жылдардың қарсаңында Қазақстан Магниткасы құрылысшыларының 70 пайызға жуығы жастар болды, әрбір үшінші құрылысшы комсомол мүшесі болды. Ал 1960 жылғы қаңтарда Теміртауда комсомол-жастардың 347 бригадасы еңбек етті. Қызу еңбек қайнаған құрыш қаланың шын мәнісінде Бүкілодақтық екпінді комсомолдық құрылысқа айналған тұсы дәл сол кезең еді.
Журналист Ермағамбет ЛҰҚПАНМЕН бірлесіп жазылды
«Металлург»
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
16 Қазан 2012
Караганда Другие города
+13 °C
без осадков,ясно
Ю-З, 4 м/с
16 Қазан 2012
Доллар США   150.62
Евро   195.16
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
Продвижение сайтов Продвижение сайтов. Особенности продвижение сайта раскрутка.
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх