Магнитка алаулары



2008 жылғы 1 шілде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың өзінің еңбек жолын бастаған Қарағанды облысына ресми сапары өміріндегі қимас сәт – 1958-1959 жылдары Украинаның Днепродзержинск қаласындағы №8 техникалық училищеде бірге оқыған бір кездегі өрімдей жастар, бұл күндері ақсақал жасына жеткен құрдастарымен кездесуге ұласты. Мұндай қауышу кештері осыдан біраз жыл бұрын өздері түлеп ұшқан училищеде, кейін түлектердің көпшілігі тұратын Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында да өткізілді. Бірақ бұл жолғы жолығудың мәні ерекше еді. Өйткені Қазақстан үкіметі көрегендік жасап қазақ жастарын Теміртауда салынып жатқан металлургия зауытына жұмыс істеу үшін металлург мамандығын игеруге шақырған үндеуіне тұп-тура 50 жыл толған еді. Осы ұмтылмас кезеңді Нұрсұлтан Әбішұлы “Әділеттің ақ жолы” (1991) атты кітабында былай еске түсіреді.
“… Ал ол кезде Қазақстанда еліміздің ең ірі металлургия комбинаттарының бірі салынып жат¬қан Теміртау қаласының аты дүрілдеп тұрған болатын. Бірде “Ленинская сменаның” қолға түскен бір нөміріндегі хабарландыруды оқыдым. Теміртауда болашақ металлургтер дайындайтын фаврика-завод училищесіне оқуға баруға комсомолдық шақыру жайында жазылыпты. Оқушы бір жыл бойы мемлекеттің толық қамқорлығында болады екен… Ұзақ ойланып, қоштасып жатпай-ақ пойызға отырдым, Теміртау қайдасың деп тартып кеттім”.
Теміртауда ол кезде бұлар тұратын жібі түзу үй де жоқ болатын. Құрылысшылар жаз палаткада, қыс ұзын тіркес барактарда тұрып жатты. “Доменстрой” құрылыс басқармасына бетоншы болып орналасқан Нұрсұлтандар қала маңындағы Токаревка поселкесіндегі жатақханадан келіп-кетіп тұрды. Одан кейінгі тағдыры туралы былай әңгімелейді:
“Біз әлі жұмысқа кірісіп үлгерген жоқ едік, бәрімізді жинап алды да, орта білімі барларға Днепро¬дзержинскіде оқып келуді ұсынды. Сөйтсек, республика басшылығы болашақ комбинат үшін жергілікті кадрлар даярлаудың қамын жеп, еліміздің аса ірі металлургия орталықтарына барып оқып келу үшін жергілікті байырғы ұлттың ұлдарын осылай асығыс түрде іріктеген екен. Барлығы төрт жүзге жуық жас жігіт іріктелді. Олардың бір бөлігі Урал¬ға, Солтүстіктегі заводтарға жіберілді, ал құрамында жүз жас жігіт бар біздің топтың үлесіне Украинаға бару тиді”.
Бұдан екі жыл бұрынғы оқиғаны еске алу себебіміз, биыл Қазақстан Магниткасы деп аталып кеткен алып құрылыстың – Қарағанды металлургия заводының тұңғыш нысаны №1 домна пешінің іске қосылғанына 50 жыл толады. 1960 жылы 3 шілдесі күні домнадан шойын селі сарқырап, жаңа заводтың өмірбаяны басталды. Қарап отырсақ, өмір легімен осындай елу жылдық мерейтойлар алдағы уақытта жалғаса бермек, яғни, мамандығын шақыруға жарты ғасыр толса, енді заводтың алғаш¬қы өнім алғанына сонша уақыт толмақ. Кейін тұңғыш кокстың, агломераттың алынғанына, алып мартеннің, конвертердің, прокат стандарының, ақ қаңылтыр цехының іске қосылғаны сияқты қуанышты оқиғалар жалғаса түседі. Бұл – Арқа төсіндегі алып өндірістің өзіндік бел-белестері. Осының бәрінің басында толық металлургиялық бастау бұлағы – домна пеші тұр. Сондықтан, 2008 жылғы бірінші шілдеде Қазақстан Магниткасының 50 жылдығын тойлау басталып кетті дер едік. Ол металлург мамандығын игеруге аттанған, арман қуған азаматтардың жарты ғасырдан кейінгі қайра қауышқан тойы болды.
Осы жерде Қазақстан Магниткасы деген атау қайдан шықты, оның алғаш қазығы қашан қағылды, туған күні деп қай кезді атап өтуіміз деген заңды сұрақтар туады. Мамандардың пікірі де әртүрлі. Біреулер Қазақстан Магниткасы деген ұғым Бүкілодақтық комсомолдық екпінді құрылыстың басталу сәтін бейнелейді десе, енеді біреулер бұл жаңа заводтың тұңғыш өнім берген күні деп пайымдайды.
Магнитка сөзі Уралдағы магнетит кені шыққан Магнитная тауының етегінде өткен ғасырдың 20 жылдарының аяғында салына бас¬таған Магнитогорск металлургия комбинатының атынан алынған. Елуінші жылдардың соңында Сарыарқа төскейінде салына бастаған толық циклді металлургия заводын халқымыз мақтанышпен Қазақстан Магниткасы деп атап кетті. Толық циклді деп темір кенінен шойын қорытатын домна пеші, одан мартен немесе конвертерден болат бал¬қытатын, одан блюминг немесе слябинг және қаңылтыр алатын прокат сындары бар металлургия өндірісін айтады. Ал бұдан бұрын 1944 жылы іске қосылған Қазақ металлургия заводында домна процесі болмады, мартенде болат металл сынықтарынан қайта қорытылады.
Байырғы металлург, көп жылдар Теміртауда, Қарметкомбинатта басшылық қызметте болған, комбинат тарихынан кітап жазған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жазушы Роллан Сейсенбаевқа берген сұхбатында былай дейді: “Қарағанды металлургия комбинатының туған күні деп тұңғыш Қазақстан шойыны алынған 1960 жылғы 3 шілде есептеліп жүр. 1960 жылдың шілдесінде мыңдаған құрылысшылар мен металлургтер Вадим Романов ауырсымының жұмысын тағатсыздана қадағалады. 15 сағат 7 минутта аға горновой Николай Набиулин электр бұрғысын қосты. Науалармен отты сел атып шықты – тұңғыш Қазақстан шойыны ақты. Бұл оқиға Қазақстан Магниткасының дүниеге келгенін паш етті”. (“Темиртау” 2006)
Бұл пікір көптің көңіліне қонды. Сондықтан, 2000 жылдың 3 шілдесінде Қарағанды металлургия заводында тұңғыш шойын алудың 40 жылдығы комбинаттың туған күні ретінде Елбасының қатысуымен зор салтанат үстінде аталып өтті. Осы дәстүр биыл да жалғасын таппақ.
Аман ЖАНҒОЖИН.
«Балқаш өнірі» 11.06.2010г.
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
15 Қазан 2012
Караганда Другие города
+14 °C
без осадков,пасмурно
Ю, 3 м/с
15 Қазан 2012
Доллар США   150.53
Евро   195.25
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
С нами квартирный офисный переезд дачный переезд и любая перевозка мебели доставят вам.
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх