Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст

АЛЫП ӨМІРГЕ КЕЛДІ



Теміртау шежіресіне көз жүгіртсек, 1960 жылдың 1 шілдесі  Қазақстан Магниткасының ғана емес елдегі елеулі бір белестің бастамасы болғанын байқаймыз. Өйткені бұл күні Теміртауда аумағы 1513 текше метр бірінші домна пеші пайдалануға берілді.
Домнаны іске қосар күн жақындаған сайын теміртаулық құрылысшылар да қарқынды еселей түсті. Теміртаудағы осы кезеңдегі екпінді еңбек республиканың 40 жылдық мерекесі қарсаңындағы социалистік жарыстың аясында өрбіді. Мамыр айының соңғы күндерінде құрылысшылар бірінші домна пешінің бірнеше күрделі кешендерінің құрылысын аяқтады. Сол кезде осы құрылыстың бел ортасында жүрген еңбек ұжымдарының ішінде Роман Трусковецкий, Алексей Герасимов, Михаил Стуков, Николай Федоров, Владислав және Михаил Канашкиндер басқарған және басқа да көптеген бригадалар қажырлы еңбектің үлгісін көрсете білді. Жалпы құрылысшылар 1-маусымға дейін домна кешенінің 35 құрылыс нысанын пайдалануға беруге құлшына кіріскен еді. Олар сертінде тұра алды. Домна құрылысының жұмысы маусым туысымен-ақ негізінен аяқталды.
Жалпы барша Қазақстан халқы Теміртаудағы домнаның іске қосылар күнін асыға күткен еді. Осы жылғы шілдеде СОКП Орталық Комитетінің кезекті пленумы өтпек. Құрылыс басшылары құрылыс жұмысы аяқталып қалғанымен, алыптың іске қосылуын осы мәртебелі жиынмен тұспа-тұс келтіріп, Теміртау шойынының балқытылуын пленумга салтанатты түрде мәлімдеуді мақсат тұтты. Сөйтіп ендігі күнде салынып болған объектілер тағы бір мәрте тексеріліп, сынақтан өткізіліп жатты.
Мамырдың соңғы күндерінде коммунистік еңбек бригадалары мен екпінділері жарыс озаттарының Бүкілодақтық кеңесі өтті. Онда әлемдік дамудың барысына жан жақты талдау жасаған баяндамасында СОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Хрущев өндірілетін өнімнің өсіміне талдау жасай келіп, 1960 жылдың төрт айында өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда Совет одағында шойын 1 млн. 260 тонна, болат 2 млн. тоннаға жуық прокат, 1 млн. 570 мың тонна артық өндірілгенін айтады. Елдің қорғаныс қабілеті қаншалықты металл, болат, шойын тәрізді басқа да стратегиялық маңызы бар өнімдерді шығарумен бағаланатын. Мақсат капиталистік жүйені басып озып, үнемі алдыңғы шептен көріну болды. Партия халықтың алдында тек осындай міндетті қойып, баршаны соған жұмылдырды. Міне, сол жылдары кең байтақ елдің әр түкпірінде ірі өндіріс орындарының негізі қаланып жатты. «Советтік Қарағанды» газеті өзінің 1960 жылғы 1 шілдедегі санында «Қазақстан Магниткасы тұңғыш шойын беру алдында» деген айдармен топтама материал жариялады. Онда «Қазақстан Магниткасы бірінші домнасының құрылысы аяқталды. Олар қазір тұңғыш шойын құйып шығаруға әзір. Домнадан шойын алуға металлургтер де қызу дайындалуда» делінген.
Иә, бірінші домна пеші дайындық сапына қойылды Ендігі кезекте тек жоғарыдағылардың істі бастауға рұқсаты ғана қажет еді. Қандай да болсын тың ісі жүзеге асарда болатын көтеріңкі көңіл күй Теміртауды шұғылаға бөлеген кезең еді бұл. Арқадағы алып өмірге келді. Мұндай ғаламат бұрын-соңды бұл өңірде болып көрмеген. Ортақ ұғыммен домна пеші десек те ол салаға, буын-буынға бөлінген үлкен кешен болатын. Әр буынның өзіне жүктелген міндеті, атқарар ісі бар. Олардың бәрі сағат тіліндей дәлдікпен ақаусыз қызмет атқаруға тиіс. Егер бір жерден кінарат кездессе бүкіл жүйе тоқтап қалмақ. Сондықтан әр буынға жауапты мамандар өз істерін ықтиятты атқарып, мұқият жүзеге асырып жатты. Сол кезден жеткен құжаттардың бірінде мына жай баяндалады.
«Қарағанды металлургия заводының тұңғыш домна пешінің жанында металл цилиндерлері қаз-қатар тізіліп тұр, - делінген. Онда, бұлар цехтың электр сүзгілері, домнадан түскен газдар осындағы аппараттар арқылы өтіп, механикалық қоспалардан тазартылады да онан соң ауа қыздырғыштарға, орталық бу-электр станциясының қазандық цехына және басқа да объектілерге беріліп тұрады. Цех сағатына 250 мың текше метр газ тазартады. Онда түскен газ жоғары кернеулі тоқтың көмегімен тазартылады». Осы деректің өзі қосалқы буындардың атқаратын қызметі мен оның қуатынан қысқаша мәлімет береді. Сонымен бірге Теміртаудағы домна пеші құрылысын тұрғызу кезінде инженер-техниктердің, ғалымдардың соңғы тапқан жаңалықтары кеңінен қолданылған болатын. Мақсат – аз күш жұмсап мол өнім өндіру бағытында жүргізілді. Мәселен ос цех туралы мәліметте, құрал-жабдықтарды пайдаланумен байланысты барлық жұмыстардың автоматтандырылғаны, технологиялық процестердің орталық басқару пультінде басқарылып отырылатыны айтылады. Ал, осы өндірістің аусымдық қызметкерлері небәрі жеті адамнан ғана құралған.
Құрғақ та болса оқиғаларды, деректерді дәлме-дәл жеткізетін ресми құжаттар мәліметтеріне сүйенсек тұңғыш шойын алу қарсаңындағы жұмыстың төмендегідей ретпен жүзеге асқанын танып білеміз.
Мәселен жоғары орындарға Магнитка туралы 30 маусым күні түскен мәліметтер мына жайларды баяндаған: « Қазақстан Магниткасындағы тұңғыш домна пешінің құрал-жабдықтарын жан-жақты сынау жұмысы 29 маусым күні толығынан аяқталды. Бұл сынау кезінде 50-ден аса механизм мен тетіктер қосылды.
Домнаға шикізат толтыру жүйесінің барлық механизмдері-скиптер. көтергіш лебедкасы, шихта тартқыш, тендестіргіш жабдықтар, кокс батереяларының бекіткіштері және басқа механихмдер сынау кезінде жұмысты мүлтіксіз істеп, пайдалану сапасының жақсы екендігін көрсетті.
Пешке автоматты түрде шикізат толтыру және оны басқару жүйесі де алдын-ала жүргізілген соңғы зерттеулерде жұмысты мінсіз істеді».
Осы мәлімдемеде алғашқы шойын балқытылар күнге Магнитка мамандары ғана емес, бүкіл буынның әзір екені баяндалған. Алыптың тынысы жайындағы өзгеде мәлімет пен хабарлар дүркін-дүркін тиісті орындарға жолданып отырған. Себебі алдағы істің қаншалықты маңызды екендігін құрылысшылардан бастап, әр буынға басшылық етушілер де жете түсінген. Тіпті осы салаға қатысы жоқ адамдар да Теміртаудың тұңғыш шойын алынар күнді асыға күтіп, Қазақстан Магниткасынан жететін хабарға құлақ түріп жүрді.
Күткен  күн де таяп қалды. Бұл 1960 жылдың шілдесі еді. Осы күні Қарағанды металлургия заводының бірінші домнасы кешенінің кейбір объектілеріне өңдеу, аспап-құрал орнату жұмыстары жүргізілген. Бұл да бейнебір ғарышкердің алыс сапарға аттандырар сәтіндегі соңғы дайындықтар тәрізді болатын. Бұдан соң домна пешіне шихта салынып, ол от жағуға барлық жағынан әзірленді.
Осы күндері, сол алғашқы шойын алынар кезеңде істің басы қасында кімдер болды екен деген сауалға да жауап іздейсің. Домнаны жүктеу ісіне тәжірибелі инженер- техник қызметкерлер, мастерлер аға горновойлар қатысқан. Мәселен, домна цехының бастығы, инженер-металлург Константин Трофимович Зайцев, обермастер Кузьма Павлович Геращенко, аға горновой Лебедев және басқа да шойын құю жұмысының ісмерлері пешті жүктеу ісінің басы қасында жүрді.
Осыдан бір күн бұрын, яғни 1960 жылдың 30 маусым күні Теміртаудағы №1 домна пешінің кешенін пайдалануға беру туралы актіге мемлекеттік комиссия қол қойған болатын. Міне, жоғарыдағы аталған барлық істер, яғни шойын алуға дайындық жұмыстары тек осыдан кейін ғана кең көлемде мақсатты тұрғыда жүзеге асырылып жатты.
Салтанатқа Мәскеуден, Алматыдан лауазымды адамдардан тұратын арнайы комиссия да, журналистер қауымы жа жиналды.
Бұқаралық ақпарат құралдары өздерінің 1960 жылғы 2 шілдедегі санында «Домна іске қосылуға әзір тұр. Оның жалын атып, шойын селін ағызар сағаты алыс емес» деген ақпарат жариялады. Бұл сенбі күні еді. Қазақстандық тұңғыш шойынның алынуына күндер емес санаулы қалғанын елдің бәрі жақсы түсінген...
Журналист Ермағамбет ЛҰҚПАНМЕН бірлесіп жазылды.
Суреттер «АрселорМиттал Теміртау» АҚ фото қорынан алынды.
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
18 Қаңтар 2013
Караганда Другие города
-13 °C
без осадков,пасмурно
Ю-З, 2 м/с
18 Қаңтар 2013
Доллар США   150.80
Евро   201.21
Российский рубль   4.98
 
Послание Президента РК
 
ҚР Президентінің Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Обучение компьютерной грамотности
           
 
Государственные закупки
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх