Тотыдайын таранған Теміртау



Шілденің басында Теміртауда дүбірлі той. Қазақстан Магниткасының 50 жылдық мерейтойына арналған бірқатар шаралар мәресіне жетіп те қалды. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Теміртауда мерейтой қарсаңында әлеуметтік маңызы зор көптеген нысандар жөндеуден өтуде. Олар тойға дейін халықтың игілігіне тапсырылады деп жоспарланған. Соның ішінде «Жол картасы» бағдарламасы бойынша қайта түлеп, түр алған нысандар да бар. 35 нысанның ішіндегі 4-і мәдениет саласына тиесілі. Біреуі – ескі қала аймағындағы балалар мен жасөспірімдер театры. Онда «Жол картасы» бойынша театр аймағын абаттандыру жұмыстары жанданған. Оны жүзеге асырушы - «Мақсат» ЖШС. Мұнда шырша және гүлдер отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары атқарылуда. Жарық беретін сәнді бағандар мен орындықтар қойылып, театрдың салтанатын аша түспек. Бұл нысанға бөлінген қаржы 11 млн.теңге көлемінде.
Сонымен қатар «Мақсат» ЖШС қаладағы мәдениет және демалыс саябағына жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Оған аталған бағдарлама бойынша бөлінген қаржы 36 млн.теңге. Саябақтың ішінде орналасқан Теміртаудың бетке ұстар айтулы мәдениет орнына айналған Қысқы бақ та бұл ауқымды іс-шарадан құр қалмапты. Қысқы бақтың шыныларын және кіре берістегі қабырғасын, қоршауын және шатырын заманға сай материалдармен алмастыру сынды бірқатар жұмыстар жалғасын табуда.
Қалалық мұражайды жөндеуден өткізуге де осы жылы мүмкіндік туып отыр. 17 млн.теңге қаржыға ішкі жылу жүйесін, электр желісін айырбастап, қуат үнемдейтін шамдар орнатылады. Бұдан басқа да мұражай ішінде біршама жөндеу жұмыстары атқарылады. Бәрі де ел игілігі үшін.
Той қарсаңындағы мынадай мәуелі игі істерден кейін Теміртаудағы талай нысанның тотыдайын таранып, аққудайын сыланып шығарына күмән жоқ. Келешекте осылар күтімсіз қалмай, біткен іске тиянақты еге болса, бұл еңбектердің еш кетпегені де. Әйтпесе он жыл өтпестен, береке таппай, байбалам сап, «қирап қалды» деп ойбайлатынымыз бар ғой біздің...
Қ.АЙТЖАНОВА.
Теміртау қаласы.
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
16 Қазан 2012
Караганда Другие города
+5 °C
без осадков,ясно
Ю, 2 м/с
16 Қазан 2012
Доллар США   150.62
Евро   195.16
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх