МАЗМҰНЫН БАЙЫТЫП, МЕРЕКЕЛІК МӘН БЕРЕДІ



Таяуда Теміртауда суретшілер мен мүсіншілердің Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналған жиыны (пленэр) ашылды.
Астана, Алматы, Қарағанды мен Теміртау суретшілері мен мүсіншілері металлургтер қаласына ерекше мазмұн, сән беріп, соны кейіпте құлпыртпақ. Осы күндері өнер шеберлерінің қолынан туындаған шығармалар Магнитканың мерейтойына өзгеше сыйлық ретінде қалың бұқараны қуантпақ.
Ортақ мақсатта бас қосқан шеберлер 20 күн бойы қала жұртшылығының алдында суреттерін салып, кейіпкерлерін сомдайды. Мүсіншілер суретшілерге қарағанда, жұмыстарын сәл ерте, яғни 5-ші маусым күні бастады. Себебі тас қашап, балшық илеу көп уақытты қажет ететіні рас. Олар күндіз-түні бел жазбай еңбек етіп, барлық бастамаларын 30-шы маусымда аяқтауы тиіс. Нәтижесінде қала мәңгілікке он мәрмар мүсін иеленбек.
Қазақстан Магниткасының 50 жылдық мерейтойы шымылдығын түргенде, тездетіліп дүниеге әкелінген туындылар арнайы көрмеде көрсетіледі.
Салтанат аяқталған соң құнды ескерткіштер қала бақтары мен гүлзарларын көріктендіретін болады.
А.КЕМПІРБАЕВ.
Источник: «Орталық Қазақстан» от 21.06.2010г.
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
16 Қазан 2012
Караганда Другие города
+10 °C
без осадков,малооблачно
Ю, 2 м/с
16 Қазан 2012
Доллар США   150.62
Евро   195.16
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх