Қазақстан Магниткасының 50-жылдығына арналған көрменің ашылуы Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы



2010 жылы Қазақстанда Қазақстан Магниткасының 50-жылдығы аталып өтуде. Осы айтулы мереке қарсаңында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында 2010 жылдың 23 маусымы күні сағат 16.00-де мұражай қорынан алынған кескіндеме және графикалық шығармалардан көрме ашылды.
Көрмені Қарағанды облысы мәдениет басқармасының бастығы Р.Омарбекова ашты. Шараға мәдениет қызметкерлері, Қарағанды облысының Суретшілер одағының мүшелері, өнертанушылар қатысты. Сонымен қатар көрмеге Теміртау металлургия комбинатының құрметті металлургы, «Парасат» орденінің иегері Колбаса Владимир Федорович және Ұлы Отан соғысының ардагері Жұлдызбаев Муталиб Исмайлұлы және Терещенко Иван Лукич құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Көрме Теміртау қаласының өндіріс пейзажы мен металлургия зауыттарын, металлургтардың портреттерін бір арнаға тоғыстырды. Мұнда көрермендер сол кездегі ерен еңбектің ерлігін, қайнаған оттың қызуына қарамай елі үшін еңбек еткен еңбек ерлерінің бейнелерін көріп металлургия өндірісінің біздің республикамыз үшін маңызы аса зор екендігіне көз жеткізе алады.
Көрмедегі жұмыстардың авторларының барлығы Қарағанды көркем қорының алғашқы ірге тасын қалаған Қазақстанның және Қарағандының аға буын суретшілері. Облысымыздың өндірісінің өсіп өркендеуі осы өнер тарландарының көз алдында өтті, сондықтан да осы көріністің барлығы кескіндеме және графикалық шығармаларында бейнелеген. Негізінен бұл көрмедегі жұмыстар социалистік реализм мен Қазақстан Магниткасының қалыптасып құрыла бастаған кезін суреттеген, өздерінің көзбен көргендерін қылқалам шеберлері бейнелеу өнерінің әр түрлі техникасында әр түрлі әдіспен суреттеген.
Сонымен қатар көрмеде Теміртау қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайынан әкелінген «Алғашқы Қазақстан шойыны 1960ж.», «Құйманы сынап көруге арналған форма» сияқты экспонаттар көрермендер назарына ұсынылды.
Шарада №61 орта мектебінің оқушылары «Тірі картиналар театрын» қойды. Көрермендер назарына әлемге танымал суретшілердің картиналарынан «Тірі» картиналар ұсынылды, сонымен қатар А.П.Билыктың М.Алиякпаровпен бірігіп жасаған «Металлургтар» мүсіндік композициясы да көрсетілді.
Көрменің ашылуында Облыстық «Қазақстан Қарағанды» және «Бірінші Қарағанды» телеарналарының «Жаңалықтар» бөлімі мен Орталық Қазақстан газетінің журналистері қатысты .
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
16 Қазан 2012
Караганда Другие города
+6 °C
без осадков,ясно
Ю, 2 м/с
16 Қазан 2012
Доллар США   150.62
Евро   195.16
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх