Теміртау таңдары
2010 жылы 30 маусымда Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театрында Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналған мерекелік концерт болып өтті.
Концертке Теміртау қаласының ескі бөлігінде тұратын Қазақстан Магниткасының ардагерлері шақырылды.
Қала тұрғындарын Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің артистері мен Қарағанды академиялық музыкалы комедия театрының әнші солистері өз өнерлерімен тәнті етті.
Концерттік тамашалауға келген көрермендерге зал толық, өнерпаздарға деген қолшапалақ үні құлақ тұндырды. Тыңдарман көпшілік Қарағанды артистерін өздеріне өнер сапарымен жиі келіп тұруға шақырды.
|