Жаңалықтар


25-Тамыз-2012 - Шахтерлер күнімен!

Құрметті шахтерлер!
Қалыптасқан дәстүр бойынша тамыз айының соңғы жексенбісінде біз облыс тұрғындарының аса сүйікті мерекелерінің бірі – Шахтерлер күнін атап өтеміз.
 
Қойнауы қазынаға толы Қарағанды жерінің ең басты байлығы, әрі өлкеміздің дамуы мен гүлденуінің негізгі кепілі көмір десек артық айтқандық емес. Сондықтан да Қарағанды облысында өз өмірін білім мен тәжірибені ғана емес, ерлік пен табандылықты, мамандыққа адалдықты талап ететін шахтер кәсібімен байланыстырған адамдарды ерекше құрметтейді.  
Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қамқорлығының арқасында көмір өнеркәсібі өңірдегі ең басты салалардың бірі болып табылады. Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының көмір департаментінің еңбек ұжымдары да үлкен үлес қосып келеді. Олар ағымдағы жылдың 7 айында 6 млн. тоннадан аса көмір шығарды. Сондай-ақ «Шұбаркөл көмір» АҚ, «Молодежный», «Қушоқы»,  «Сарыарка Energy» разрездері де өндірістік және қаржылық көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты.
Дегенмен облыс көміршілері тек экономикалық қана емес, әлеуметтік мәселелерді шешуге де атсалысып келеді. Олар білім беру,  емдеу, және спорттық нысандар салып, қалалар мен кенттерді абаттандыруға қызу араласады. Мұның бәрі түптеп келгенде тұрғындардың, оның ішінде кеншілердің әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі мереке күні біз өндірісті өлкемізді өркендетуге зор үлес қосқан ардагерлерге, еңбек сіңірген шахтерлерге айрықша алғысымызды білдіреміз.
Құрметті кеншілер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Кеншілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Зор денсаулық, баянды бақыт және отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілейміз!
 
Қарағанды облысының әкімі
Әбілғазы Құсайынов
Облыстық мәслихат хатшысы
Бейсембай Жұмабеков

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
15 Қазан 2012
Караганда Другие города
+5 °C
без осадков,ясно
Ю-В, 4 м/с
15 Қазан 2012
Доллар США   150.53
Евро   195.25
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх