Жаңалықтар
24-Тамыз-2012 - Қарағандыда олимпиадашылардың құрметіне жарыстар өтеді
Бүгін Қарағандыда қазақстандық спортшылар, Лондондағы ХХХ Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арналған жарыстар басталады.
Бұл күні жеңіл атлетика, бокс, пауэрлифтинг, армреслинг, ауыр атлетика және тағы басқа спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Бұдан басқа, бағдарламада дөңгелекті конькимен жүгіру және шаңғыролер жарыстары бар.
«24 тамызда велосипедші Александр Винокуров пен жеңіл атлетші Ольга Рыпакованың құрметіне өткізілетін президенттік көпсайыс жарысы өтеді. Бұл күні қарағандылық Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке арналған бокс кездесулері өткізіледі. Бокс алаңына қарағандылық бокс мектебінің жас тәрбиеленушілері шығады», - деді облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасынан.
25 тамызда қарағандылықтар кір тасын көтеру спорты мен армреслинг бойынша жарысады. Серік Сәпиев, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко және Марина Вольноваға арналған жарыстар Майқұдық саябағында өтеді. Іріктеуде бұл күні зілтеміршілер Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедованың құрметіне ауыр атлетика жарыстары өтеді.
Қарағанды орталық саябағындағы ролик алаңында ролик конькилерін жақсы көретіндер жиналады. Ал сенбі күні Новая Узенка кентінің ауданында шаңғыролершілердің жарысы өтеді.
Олимпадашылардың жетістіктеріне арналған жарыстар сондай-ақ үстел теннисі, жартылаймарафондық жүгіру сияқты спорт түрлерінен өткізіледі, пауэрлифтинг және «тоғызқұмалақ» ұлттық ойынының ашық қалалық жарыстары өтеді. «25-26 тамыз күндері Қарағандыдағы «Шахтер» стадионында ерлер және әйелдер командаларының арасында стритбол бойынша қалалық жарыс ұйымдастырылады. Бұл күндері «Жастар» спорт кешенінде ерлер командалары үшін волейболдан жарыстар өтеді. Аулалық клубтар 10-шы спартакиада аясында футбол бойынша финалдық жарыстар өткізеді», - деп жалғастырды жарыстардың тізімін спорт басқармасынан.
Жаңалықтардың лентасы
|