Жаңалықтар
25-Тамыз-2012 - 1 қыркүйекте үш жаңа мектеп ашылады
Қарағанды облысында 1 қыркүйекке қарай үш жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы дәстүрлі тамыз конференциясының барысында облыстық білім басқармасының бастығы Есенғазы Иманғалиев хабарлады.
Педагогтардың биылғы жиналысы білім саласын жаңғырту мәселелеріне арналды. «Жаңғыртудың негізгі бағыттарын еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында белгілеген. Президенттің тапсырған мақсаттарын жаңғырту тек барлығымыздың күшімізді біріктіру кезінде ғана мүмкін болады. Оларға қол жеткізу механизмдерін анықтап, жаңарту стратегиясын қабылау міндеті тұр», - деді Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов.
Конференцияда атап өтілгендей, биыл білі саласына 60 млрд. жуық теңге бөлінді, бұл жергілікті бюджет шығындарының құрылымында 30 пайызды құрайды.
«Облыста үш ауысыммен оқыту және оқушылар орындарының тапшылығы жойылды, мектеп ғимараттарын жаңғыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа оқу жылының басына қарай Бұқар жырау ауданындағы Байқадам, Ұлытау ауданындағы Терсаққан ауылдарында және Жезқазғандағы апатты мектептердің орнына 3 жаңа мектеп пайдалануға беріледі», - деп хабарлады Е.Иманғалиев.
Жаңа мектептер 800 орынға арналған. Олардың құрылысына 970 млн. теңге бөлінді.
Қарағандылық мұғалімдердің тамыз конференциясына ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім сапасын бақылау департаментінің директоры Махмұд Тоқбаев, ҚР БҒМ-нің Балалар құқытарын қорғау комитетінің төрағасы Раиса Шер, ҚР-ғы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Радослав Жехак қатысты.
Жаңалықтардың лентасы
|