Жаңалықтар
25-Тамыз-2012 - Әбілғазы Құсайынов ішкі істер департаменті қызметкерлеріне қызметтік автомобиль кілттерін тапсырды
25 тамызда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов ішкі істер департаменті қызметкерлеріне қызметтік автомобиль кілттерін тапсырды.
Салтанатты рәсім дәстүр бойынша Оңтүстік-Шығыс ауданындағы Жеңіс саябағының алдындағы стела алаңында өткізілді.
- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құқық қорғау органдарын жаңғыртуға рекше көңіл бөліп келеді. Меншікті қорғаудың құқықтық механизмдері енгізілді, қылмыстық кодекс гуманизацияланды, ІІМ органдарының құрылымы оңтайландырылды. Қарағанды облысының ішкі істер департаменті республиканың құқық қорғау органдары жүйесінде лайықты орын алады, - деді аймақ басшысы.
Құқық қорғау органдарының пәрмекнді жұмыс істеуіне материалдық-техникалық базаның нығайтылуы оң әсер етті. Тек биылғы жылдың өзінде құқық қорғау органдарын ұстап тұруға 8,5 млрд. теңге, оның ішінде материалдық-техникалық базаны нығайтуға 205 млн. теңгеден аса қаржы бөлінді. Ал, енді бюджет есебінен алынған «КИА Каденза», «КИА Серато» және «ВАЗ-21214» маркалы 49 автомобиль облыс ІІД көлік құралдары паркін толықтыра түсті.
- Жаңа қызметтік автомашиналар қоғамдық тәртіп пен қылмыспен күреске қызмет көрсетеді деп сенемін. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, ұрлық-қарлық, есірткі саудасына тосқауыл қойылып, қылмыскерлерді іздестіру жұмыстары жандана түседі деген ойдамыз. Сіздерге мықты денсаулық, еңбекте табыс тілеймін, - деді Әбілғазы Құсайынов сөз соңында.
Осыдан кейінгі жауап сөзінде облыс ІІД бастығы Нұрлан Рахымберлин аймақ басшысына осындай қамқорлығы үшін алғысын білдірді. Рәсім соңында автомашиналар қызмет көрсету орындары жол тартты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Жаңалықтардың лентасы
|