Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Жаңалықтар


03-Қазан-2012 - Киевка кентінде Сәкен Сейфуллинің ескірткіші ашылды

3 қазанда Нұра ауданының Киевка кентінде дауылпаз ақын, қарымды қаламгер, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллинннің ескерткіші ашылды.
 
Қазақ халқының қайталанбас тұлғасы Сәкен Сейфуллиннің еңбек жолы дәл осы Нұра өңірінде басталған болатын. Мұғалімдер семинариясын аяқтаған соң ол Бұғылы қазақ-орыс мектебінде сабақ бере бастады. Бұл білім ұясы қазіргі Ахметауыл селосының (бұрынғы «Энтузиаст» кеңшары) орнында болған №6 ауылда ұйымдастырылған еді. Ақынның сүйген жары Гүлбарам Батырбекова да осы киелі өңірдің тумасы.
Ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттары, мәдениет қайраткерлері, ғалымдар, Астанадағы Сәкен Сейфуллин мұражайының басшылары, ақынның туысқандары, қоғам өкілдері шақырылды.
Мерекелік іс-шаралар театрландырылған көрініспен басталып, оқушылар «Сәкенге арнау» оқыды, «Сыр Сәкен» әні орындалып, Дина Нұрпейісованың «Әсем қоңыр» күйі күмбірледі.
Осыдан кейін облыс әкімі мен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Оралбай Әбдікәрімов салтанатты түрде ескерткіштің жамылғысын сыпырды.
- Міне, сексен жылдан астам тарихы бар киелі Нұра өңірінің орталығында қазақтың қайталанбас тұлғасы, біртуар перзенті Сәкен Сейфуллиннің ескерткішін ашқалы тұрмыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Сәкен Сейфуллин - халық жадында сақталар жан, асылдардың асылы, аяулылардың аяулысы, Сәкен – біздің ұлттық мақтанышымыз, елі үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер» деген сөзі бар. Бұл - халқымыздың сұңқар ақыны, ардагер азаматына берілген әділ баға. Себебі, Сәкен - қазақтың елдігінің, ақындығы­ның, ақыл-парасаты мен сұлулығының белгісі. Сәкен сынды аты аңызға айналған алыптың өмірі – мәңгілік өмір, оның тындырған ісі, артына қалдырған мұрасы – бүгінгі және келер ұрпаққа өшпес өнеге, - деді облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде.
Сәкен Қазақстан Үкіметінің басшысы, Бүкілодақтық Атқару Комитетінің мүшесі болды. Ел басқарған жылдары Сәкен талай игі істерге ұйытқы болды. Қылышынан қан тамған кеңестік кезеңнің өзінде «қырғыз» атауын қазақ деп түзеп, «Қазақты қазақ дейік...» деп мақала жазды. Партияның қарсылығына қарамай, төтенше сессия шақырып, Декрет қабылдауға ұйытқы болды. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуының бастауында тұрған да - Сәкен. Өндіріс орындарын құру, мал шаруашылығын асылдандыру, дамыту ісіне қосқан үлесі тіпті ерекше.
«Енді бір жиырма жылдың ішінде қазақ өнерлі халықтардың қатарына кіру керек. Оқусыз қазақтың күні қараңғы…» деп оқу-ағарту саласын дамытуға тікелей мұрындық болды.
Өршіл ақын жаңа дәуірді жаңаша жырлап, қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосты. Поэзия мен драматургияға жаңалық енгізді, қазақ халқының поэтикалық дәстүрін дамытты. Проза, драматургия, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті.
- Сәкен халқымыздың қайталанбас тұлғасы, біртуар перзенті еді. Ол елін, жерін жан – тәнімен сүйді, бар күш-жігерін ел болашағына арнады, сол жолда басын бәйгіге тікті, - деп жалғады сөзін аймақ басшысы.
Сәкендей аты аңызға айналған алып тұлғасын халық еш уақытта ұмытпайды. Оның есімі көптеген қалалар мен ауылдардың көшелеріне, мәдениет мекемелеріне берілген. Олардың ішінде Ахметауыл селосындағы орта мектеп, Киевкадағы көшені, халықтар достығы орденді Қазақ облыстық драма театры мен Қарағандыдағы ақын атындағы даңғылды атап кетуге болады. Шет ауданында Жарық станциясына Сәкен Сейфуллиннің аты берілді. Жаңаарқа ауданында селолық округ, мұражай және Атасудағы орта мектеп пен бір көше ақын атын иеленген.
- Ал бүгін біз осынау еңселі ескерткішті ашқалы тұрмыз. Бұл тек бізге ғана емес, өскелең ұрпаққа қажет. Себебі, олар халқымыздың қайраткер тұлғаларын біліп өсуі тиіс, - деп атап айтты аймақ басшысы.
Ескерткіштің авторы, белгілі қарағандылық мүсінші – Бейбіт Мұстафин. Оны жасауға аудандық бюджеттен 24 млн. теңге бөлінді. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 5,7 метр, ақын тұлғасы – 3,7 метрді құрайды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
4 Наурыз 2013
Караганда Другие города
-2 °C
без осадков,облачно
Ю, 8 м/с
4 Наурыз 2013
Доллар США   150.56
Евро   196.75
Российский рубль   4.91
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Анонсы журналов. Аналитический проект о футболе.
pharmastore.ru
Салон цветов. Служба доставки цветов
afrodita-nsk.ru
Интернет-магазин товаров для кухни Адреса магазинов в городах России
posyda.ru