03-Қазан-2012 - Жезқазғандағы жағдай қалыпқа келді
Бүгінгі күні Жезқазған қ. су алған барлық үйлерден су сорылып алынды, электр энергиясы берілді.
Қаланың коммуналдық қызметтері қалыпты түзімде жұмыс істеуде. Жылу желілерін циркуляциялық түзімге қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылдың 10 қазанынан бастап тұрғын үйлерге жылу беріле бстайды, ал әлеуметтік-мәдени нысандарға жақын күндері берілетін болады.