- Қазақстандық білім беру мен ғылыми жетістіктердің көш басында «Назарбаев Университетінің» тұрғаны сөзсіз. Алдағы уақытта білім ордасы дамыған жоғары технологиялық алаңы бар зияткерлік-инновациялық кластер болатындығына сенімдіміз, - деді облыс әкімі.
Ол «Назарбаев Университетінде» Қарағанды облысынан 136 үздік түлектердің оқып жатқандығын тілге тиек етті. Университет өкілдерімен болып отырған бүгінгі кездесу білім беру саласындағы өзара ынтымақтастық пен әріптестік қарым-қатынастарды дамыту үшін ұйымдастырылып отыр.
Осыдан кейін Аслан Саринжипов пен университет алдындағы дайындық орталығының директоры Лесли Прайс сөз сөйледі.
Кездесу соңында Қарағанды облысының әкімдігі мен «Назарбаев Университет» АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Осы құжатқа сәйкес тараптар келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады:
- технологиялардың, тәжірибелік ғылыми зерттеулердің, ашылулардың, «Назарбаев Университет» инновациялық жобасын дамыту және олардың индустриялық пен инновациялық дамудың міндеттерін орындау мақсатында Қарағанды облысында іске асыру;
-Қарағанды облысының білім беру саласында инновациялық қызметті дамыту үшін, заманауи технологияларды және өзге құралдарды енгізуде қолғабыс ету;
-Қарағанды политехникалық колледжімен, «Мұрагер» атты дарынды балаларға арналған мектебімен, Н. Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған мектебімен роботты техника мен мехатроника саласында ортақ инновациялық жобалар жасау;
-білім беру ұйымдарына арналған отандық өндірістің заманауи инновациялық жабдығын жасау;
-колледждер мен лицейлердің білім алушыларын өндірістік тәжірибеден өтуге тарту жолымен білім сапасын арттыру;
-4 мектептің («Мұрагер» атты дарынды балаларға арналған мектебі, Н. Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған мектебі, Шахтинск қаласының №1 ОМ, Теміртау және Қарағанды қалаларының Әубәкіров атындағы жеке меншік гимназиясы) IB Халықаралық Бакалавриатына ену рәсімінің механизмін әзірлеу;
-он-лайн семинарларын өткізу арқылы Тәуелсіздік Қазақстанның қалыптасуын және Теміртау қаласының Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдениет орталығын аралауды меңгеру;
-даярлаушы курстарын, оқытушы семинарларын, сынақ істерін, тәжірибелерін бірлесіп ұйымдастыру және өткізу;
-облыстың білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда қолдау көрсету;
-ортақ баспа және электрондық шығарылымдарын, әдістемелік құралдарын, ғылыми-техникалық мақалаларын және т.б. әзірлеу және тарату;
-көрмелерді, конференцияларды, форумдарды ұйымдастыруда бірлесіп қатысу, алдағы іс-шаралар жайында ақпаратпен өзара алмасу;
-пәндік олимпиадаларын, конкурстарын, ғылыми жобалар сайыстарын бірлесіп қатысу.
- Бүгінгі меморандум – ел Президентінің білім берудің ұлттық жүйесін одан әрі дамыту жөнінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру бағытындағы маңызды қадам болып табылады. Осы меморандумның арқасында «мектеп-жоғары оқу орны» жүйесіндегі сабақтастық дамудың жаңа сатысына көтеріледі деген сенімдеміз, - деп түйіндеді Әбілғазы Құсайынов кездесуді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі