08-Қазан-2012 - Облыс әкімі Қарағанды активіне қаланың жаңа әкімін таныстырды
8 қазанда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов Қарағанды активіне қаланың жаңа әкімін таныстырды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қалалық мәслихат депутаттарының келісуі бойынша осы қызметке Смағұлов Мейрам Ахмедияұлы тағайындалды.
Смағұлов М.А. 1962 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 2005 жылы Алматы экономика және статистика академиясын аяқтады. Біліктілігі бойынша инженер-құрылысшы, экономист.
Институтты аяқтаған соң «Карагандажилстрой» трестінің №1 құрылыс басқармасына жіберіліп, онда шеберден аға прорабқа дейінгі еңбек жолынан өтті.
1992 жылдың ақпан айынан бастап мемлекеттік қызметте. Саран қалалық әкімшілігінің бас сәулетшісі болды.
1995 жылдан 2003 жылға дейін Саран қалалық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, кейін осы қала әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2003 жылдан 2009 жылға дейін Саран қаласының әкімі болды.
2009 жылдан 2012 жылға дейін облыстық құрылыс басқармасын басқарды.
Қарағанды әкімі болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттіктің тұрғын үй құрылысы департаменті директорының орынбасары болып істеді.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай Бауыржан Әбдішев Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жұмысқа ауысуына байланысты Қарағанды қаласының әкімі қызметінен босатылған болатын.