Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Жаңалықтар


09-Қазан-2012 - Облыс әкімі Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Горбан Сейфимен кездесті

9 қазанда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Горбан Сейфимен кездесті.
 
Облыс басшысы қадірлі мейманға ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлеуметтік-экономикалық даму, өңірдің өндірістік әлеуетін арттыру, сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға қатысты қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімеледі.
Атап айтқанда, 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстың Иранмен арадағы сыртқы сауда айналымы 134,9 млн. АҚШ долларын құрады. Өндіріс және сауда саласында ирандық әріптестердің қатысуымен 4 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Олар «Dana-trading» - нан және кондитер өнімдерінің өндірісі, «Pers international» - аяқ киім өндірісі, «Nur Kabel» - электр оқшаулағыш заттар өндірісі, «Ratook» - көтерме сауда.
2008 жылы өткен инвестициялық форум шеңберінде Қарағанды облысы мен Иранның Орталық провинциясының арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы, сондай-ақ Қарағанды қаласы мен Иран Ислам Республикасының Орталық губерниясының Арак қаласы арасында келісімге қол қойылды.
Алдағы үш жылдың ішінде «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» теміржол желілерінің құрылысы аяқталады. Соның арқасында қазақстандық тауарларды Парсы шығанағы елдерінің нарығына тікелей шығаруға мүмкіндік туатын болады.
Облыс әкімі сондай-ақ «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы шеңберінде өзара ынтымақтастықты дамыта түсуге болатындығына тоқталды. Бұл арнайы аймақтың басты мақсаты – тікелей шетелдік инвестицияларды, алдыңғы қатарлы әлемдік технологияларды тарту, өнімнің жаңа түрлерін өндіру, экономиканың жоғары технологиялық салаларын дамыту болып табылады.
- Қолайлы инвестициялық климат, бай шикізат қоры, стратегиялық тиімді орналасуы біздің облысымыздың экономикасына инвестициялардың кедергісіз құйылуына тамаша жағдай туғызып отыр. Сіздерді де экономика мен гуманитарлық салаларда ынтымақтастыққа шақырамын, - деді облыс әкімі.
Осыдан кейін Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Горбан Сейфи сөз сөйледі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
4 Наурыз 2013
Караганда Другие города
-2 °C
без осадков,облачно
Ю, 8 м/с
4 Наурыз 2013
Доллар США   150.56
Евро   196.75
Российский рубль   4.91
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
ходячие мертвецы
lostfilmonline.tv
Каталог товаров для кухни от компании BergHOFF
vezemposudu.ru