15-Қазан-2012 - Облыс әкімі Нұра ауданына жұмыс сапарымен барды
13 қазанда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов Нұра ауданына жұмыс сапарымен барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысып, бірқатар агроөнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралады.
Жыл басынан бері Нұра ауданы экономика мен әлеуметтік негізгі салалар бойынша оң көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді.
Атап айтқанда, өнеркәсіптік өнім көлемі 23 млрд. 304 млн.теңгені, немесе 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 121% құрады. Шағын бизнес қарқынды дамып келеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2012 жылдың 8 айында 4, 6 млрд. теңгеден асып, айғақты көлем индексі 102,8% құрады. Аудандық бюджетке салық түсімдер жоспарға 117,3%. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, білім беру, мәдениет, спорт салалары бойынша атқарылған ілкімді істер де аз емес.
Облыс әкімінің жұмыс сапары аудандағы аса ірі шаруашылықтардың бірі «Қайнар» ЖШС басталды. Мұнда 330 ауыл шаруашылық техникалары, оның ішінде әлемдік өндірушілердің тракторлары, тұқым сепкіштері мен астық оратын комбайндары бар. Жалпы егістік аумағы 30 мың гектардан асады, шаруашылықта 1200-ге тарта асыл тұқымды ірі қара мал басы бар.
Көрмені тамашалап көрген соң облыс әкімі «Отқанжар» ЖШС асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту барысымен, сондай-ақ облыстық мәнге ие «Щербаков-Изенді» автомобиль жолының жөндеу жұмыстарымен танысты.
Осыдан кейін Изенді ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт, кітапхана, «Ақбосаға» кафесі, спорттық кешен және мектеп жанындағы интернатты аралап көрді. Бір айта кетерлігі, бұлардың барлығы «Изенді» ЖШС мен «Отқанжар» ЖШС қаражаты есебінен салынған нысандар. Олардың жалпы сомасы 45 млн. теңгені құрайды.
Жұмыс сапары Тассуат селолық округінің Щербаков ауылында жалғасты. Мұнда аймақ басшысы селолық дәрігерлік амбулаторияда болып, оның материалдық-техникалық базасымен, медициналық техникалармен, кадрлармен жабдықталу жағдайымен танысты.
Келесі ат басын тіреген нысан – Щербаков орта мектебі болды. Мектеп директорының облыс әкіміне хабарлауынша жөндеу жұмыстары мен материалдық-техникалық базаны нығайтуға, оның ішінде интерактивті тақтамен жабдықталған биология кабинетін алуға 2009-2010 жж. арналған «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 9,4 млн. теңге, ал өткен жылы шағын орталыққа 2,9 млн. теңге бөлінген екен.
Облыс әкімінің жұмыс сапары «Қайнар» ЖШС сауықтыру орталығы мен селолық мәдениет үйін көрумен аяқталды.