Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Жаңалықтар


15-Қазан-2012 - Қарағандыда КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Күләш Байсейітованың 100 жылдығына арналған «Қазақ Гәккуі - Күләш» атты музыкалық фестиваль болып өтті

12 қазанда Қарағандыда КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Күләш Байсейітованың 100 жылдығына арналған «Қазақ Гәккуі - Күләш» атты музыкалық фестиваль болып өтті.
 
Фестиваль қонақтарының арасында Күләш Байсейітованың туған-туысқандары, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, К. Байсейітова атындағы конкурстардың және өзге де байқау, халықаралық фестивальдердің лауреаттары болды.
Мерекелік іс-шаралар баспасөз мәслихатымен басталды.
Осыдан кейін облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов атақты әншінің қыздары Байсейітова Қарлығаш Қанабекқызы мен Раушан Хатиятқызымен кездесті.
- Қазақтың көрнекті перзенті Күләш Байсейітова – ғасырдың ғаламат әншісі, аты аңызға айналған тұлға. Сондықтан әйгілі әншінің мерейтойы – біздің бүкіл еліміздің мәдени өміріндегі ерекше оқиға болып табылады, - деп атап өтті аймақ басшысы.
Ол сондай-ақ Күләш Байсейітова атындағы музыкалық фестивальдың бұдан былай тұрақты түрде өтіп тұратындығын айтып өтті. Кездесу соңында облыс әкімі қадірлі меймандарға гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етті.
Өз кезегінде Қазақ ССР халық әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Раушан Хатиятқызы Байсейітова сөз сөйлеп, лебізін білдірді.
Түс ауа «Шалқыма» концерт залында «Қазақ Гәккуі - Күләш» атты музыкалық фестивалі басталды. Оған Нұржамал Үсенбаева, Дина Хамзина, Медет Чотабаев, Жұпар Ғабдуллина сынды қазақстандық әншілер, сондай-ақ ресейлік Виктор Алешков және әзірбайжандық Илах Эфендиевтар қатысып, өнерлерін ортаға салды. Фестиваль бағдарламасын қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, музыкатанушы Юрий Аравин жүргізіп отырды.
- Қырық бес жасқа ғана созылған қысқа ғұмырында Күләш Байсейітова жұлдыздай жарқырап, халықтың ыстық ықыласына, сүйіспеншілігіне бөленді, -деді облыс әкімі фестивальға жианлағнадардың алдында сөйлеген сөзінде.
Қазақ халқы Күләш арқылы дүние жүзінің классикалық операсы мен көптеген халықтардың музыкасын таныды. Оның дауысы – әлемдік операда сирек кездесетін сұлу да сырлы дауыс болатын. КСРО халық әртісі атанғанда әнші апамыз небәрі 24 жаста ғана екен. Бұл әлемдік өнер тарихында болмаған құбылыс деуге болады. Шығыстың бұлбұлы атанған Күләш Байсейітова тек өнерде ғана емес, қоғамдық өмірде де қайраткер тұлға ретінде танылды.
1933 жылы Күләш Байсейітова Музыкалық театр труппасының (қазіргі Абай атындағы мемлекеттікакадемиялық опера және балет театры) құрамына кіріп, онымен өзінің бүкіл ғұмырын байланыстырды. Күләш сомдаған Қыз Жібек, Қадиша, Ақжүніс, Ажар, сара бейнелері әлі күнге дейін халық жадында сақталған. Ол арқылы қазақ халқы алғаш рет классикалық опера қаһармандарымен танысты.
Ел үкіметі әншінің ерен еңбегін лайықты бағалады. Күләш небәрі 22 жасында Қазақ ССР еңбек сіңірген әртісі, ал 24 жасында КСРО халық әртісі атағын алды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты атанып, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне бірнеше рет депутат болып сайланды. Қазақ театр қоғамын ұйымдастырып, өзі басқарды.
Қазақстандықтар ұлы әншінің жарқын бейнесін, сұлу да сырлы әндерін мәңгі ұмытпайды. К. Байсейітова атындағы Мемлекеттік сыйлық тағайындалды. Алматының көшелерінің бірі, республикадағы арнайы музыкалық мектептердің бірі және әншінің туған жері Ақтоғай ауданындағы орта мектеп оның есімімен аталады. Сонымен қоса жыл сайын өтіп тұратын әншілер байқауы да әнші есімін иеленген. Астанада ашылған опералық театрға да Күләштың есімі берілді.
Мерекелік іс-шаралар 13 қазанда Күләш Байсейітованың туған жері Ақтоғайда жалғасып, мерейтойға арналған салтанатты кеш өткізіліп, қонақтар оның атымен аталған орта мектепте болды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
4 Наурыз 2013
Караганда Другие города
-2 °C
без осадков,облачно
Ю, 8 м/с
4 Наурыз 2013
Доллар США   150.56
Евро   196.75
Российский рубль   4.91
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Красный корень электронные сигареты в екатеринбурге афрозодиак.
Требования к макетам. Наружная реклама.
iprint.ru
Большой выбор принтеров. Выгодные цены. Доставка. Удобно выбрать и заказать
zaobit.ru