Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Жаңалықтар


16-Қазан-2012 - Облыс әкімі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының металлургиялық комбинатындағы жаңа жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты

15 қазанда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов Теміртауға жұмыс сапарымен барып, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының металлургиялық комбинатындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты.
 
Солардың бірі – домна газымен жұмыс істейтін қазандық. Ол 5 бу қазандығынан тұрады. Әр қазандық комбинат қажеттілігіне жарайтын технологиялық бу алуға арналған. Негізгі отын ретінде көлемі әр қазандыққа 28 мың м3/сағ құрайтын домна газы пайдаланылады.
Осы жобаны жүзеге асыру төмен қысымды бу жетіспеушілігі, домна газының артығын жою сияқты мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік береді.
ЖЭО-БСҚ және ЖЭО-2 пайдаланылмаған энергиясы электр энергиясын өндіруге және жылужеткізгіштерді жылытуға қолданылатын болады.
№1-3 конверторларының газды бұру құбырларын қалпына келтіру жобасының мақсаты – конвертор газының қалдығын азайту, өткізгіштік қабілетін арттыру және балқыту уақытын қысқарту болып табылады. Жобаның бас мердігері – түріктің «TROY Tech» компаниясы. Құрылыс жұмыстары 2013 жылдың ақпан айына қарай аяқталмақшы.
Тағы бір маңызды жобалардың бірі - оттегі өндірісіндегі ауаны бөлу блогы. Жалпы құны 125 млн. АҚШ долларын құрайтын жобаның орындаушысы германдық «Linde» фирмасы. Аталмыш өндірістің жобалық қуаттылығы - 62 мың куб метр оттегі, 68 мың куб метр азот және 1760 куб метр аргон.
Жоба бойынша ескірген қазандықтар мен газ тазалау қондырғыларын заманауи автоматтандырылған құрал-жабдықтармен ауыстыру көзделінеді. Мұның өзі конвертор цехы жұмысының өнімділігін балқыманы үрлеу қарқынын күшейту есебінен арттыруға, сондай-ақ балқыма санын шихтаны оттегімен үрлеу уақытының қысқаруы есебінен арттыруға мүмкіндік береді.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Әбілғазы Құсайынов аталған жобаларды жүзеге асыру компанияның металлургиялық өндіріс тиімділігін арттыруға ықпал жасайтын болады деп атап өтті. Сонымен қатар бұл комбинаттағы еңбек жағдайы мен өңірдегі экологияны жақсартуға оң әсерін тигізеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
4 Наурыз 2013
Караганда Другие города
-2 °C
без осадков,облачно
Ю, 8 м/с
4 Наурыз 2013
Доллар США   150.56
Евро   196.75
Российский рубль   4.91
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы