Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Жаңалықтар


19-Қазан-2012 - Қазақстан Республикасы Премъер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары

18-19 қазанда Қазақстан Республикасы Премъер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев Қарағанды облысында жұмыс сапарымен болды.
 
Ондағы мақсат – мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысымен, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен жан-жақты танысу.
 
Анықтама:
9 айдың қорытындысы бойынша облыс кәсіпорындарының өндірген өнеркәсіптік өнім көлемі 974,3 млрд. теңгені құрады. Индустриаландыру картасы шеңберінде жыл басынан бері жалпы құны 1 млрд. теңгеден асатын 3 жоба іске қосылып, 300-ден аса жаңа жұмыс орындары құрылды. Ауыл шаруашылығында 74,7 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, АКИ 101,9% құрады. Негізгі капиталға инвестиция 15,9% артып, 190 млрд. теңгеден асты. Жыл басынан бері 234,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,4%. Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны, сондай-ақ олардың өндірген өнім көлемі едәуір артты.
 
Жұмыс сапарының алғашқы күні Қырымбек Көшербаев пен облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов биылғы жылдың 3 шілдесінде өткен жалпыұлттық телекөпір кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастап берген «Жезқазған-Бейнеу теміржолының құрылысы» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты.
Аталмыш жобаның мақсаты – Қазақстанның орталық облыстарынан Ақтау портына төтелей жол тартуды қамтамасыз ету, көмір, мұнай-газ, мыс, темір және басқа да кен орындарын игеруге жағдай жасау, ал жалпы алғанда экспорттық әлеуетті арттыру болып табылады.
«Жол жөндеуші» ЖШС басшылығының ақпараты бойынша бүгінгі күнге дейін топырақ үйінділерін тұрғызу мен су құбырларын монтаждау жұмыстарының бір бөлігі орындалған. 6 вахталық ауыл ұйымдастырылды. Сонымен қатар су құбырлары, көпірлер мен темір жол өткелдерінің темірбетонды конструкцияларын дайындауға тапсырыстар берілді. Жобалау мекемелері темір жол желісін елді мекендерге жақындату үшін жобалау-сметалық жұмыстарды жүргізуде. Алғашқы кешен нысандарының құрылысын аяқтау 2015 жылдың маусым айына жоспарланып отыр.
Бұдан кейін Премьер-Министрдің орынбасары мен облыс әкімі «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Жезқазған ЖЭО болып, осынау энергетикалық кәсіпорында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Бір айта кетерлігі, аталмыш жұмыстар Жезқазған, Сәтпаев және Ұлытау өңірлерін 2012-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары шеңберінде атқарылып жатыр.
Жұмыс сапары Сәтпаев қаласында жалғасып, онда Қырымбек Көшербаев пен Әбілғазы Құсайынов «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасының бірінші механизмі бойынша жөндеуден өткізілген тұрғын үйлерді көріп, сондай-ақ «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС технологиялық колледжінің жүйеқұраушы кәсіпорынға қажетті техникалық және жұмысшы кадрларды даярлау бойынша атқарып жатқан жұмыстарымен танысты.
Сонымен қатар меймандар жұмыс сапары бағдарламасы аясында Ұлытау кентіндегі «Көктөбе» шағын ауданында заманауи құрылыс материалдарын пайдалана отырып, «Термоүй» технологиясы бойынша бой көтерген тұрғын үйлердің жай-күйімен танысты. Соңынан Ұлытау ауданының активімен кездесіп, онда аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша алда тұрған ауқымды міндеттер жайы кеңінен талқыланды.
19 қазанда Қырымбек Көшербаев пен Әбілғазы Құсайынов бірқатар нысандарды аралап, олардың қызметімен жан-жақты танысты.
Дәлірек айтқанда, Қарағандыда «Евразиан Фудс» ЖШС, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы, Теміртауда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатындағы домна газымен жұмыс істейтін қазандық және КарГРЭС-1, Саранда салынып жатқан қазандық пен «КККБетон» ЖШС темірбетонды құрылғылар шығаратын зауытында болды.
Жұмыс сапары соңында Қырымбек Көшербаев кеңес өткізіп, онда екі күн ішінде көрген-білгенімен, аймақтан алған әсерлерімен бөлісіп, сапарын түйіндеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
4 Наурыз 2013
Караганда Другие города
-2 °C
без осадков,облачно
Ю, 8 м/с
4 Наурыз 2013
Доллар США   150.56
Евро   196.75
Российский рубль   4.91
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Каталог игр. Новости игровой индустрии, ежедневные обзоры компьютерных игр
informportal.org