Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Жаңалықтар


22-Қазан-2012 - Облыс әкімі Халықаралық Бакалавриаттың өңірлік директоры Эдриан Кернимен кездесті

20 қазанда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов Африка, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінің Халықаралық Бакалавриатының (IB) өңірлік директоры Эдриан Кернимен кездесті.
 
Аталмыш ұйымның негізгі міндеттері ұлттық білім беру жүйесін толықтыра түсетін стандартталған халықаралық оқыту жүйесін енгізу, студенттердің шетелде оқуының қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. IB дипломы әлемнің 102 елінің 2181 университетінде мойындалған. Бүгінгі күні 125 елдің 2122 мектебіне енгізілген, соның ішінде Астана мен Алматы қалаларының бір-бір жеке меншік мектептерінде қолданылады. Осы айда Қарағанды облысының 4 мектебінде Халықаралық Бакалавриат жобасы іске қосылмақшы.
- Бұл жоба біз үшін, ең алдымен, жастардың интелектуалдық әлеуетіне инвестиция салу, орта білім беруді дамыту, әлемнің ең үздік университеттерінде білім алуға дайындау тұрғысынан маңызды, - деп атап айтты аймақ басшысы.
Ол сондай-ақ ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дарынды балаларға, интеллектуалдық элитаны қалыптастыруға зор көңіл аударып келе жатқандығын айтып өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда талантты балаларды оқытудың бірегей жүйесі құрылды. Атап айтқанда, Қарағанды облысында 7 мамандандырылған мектеп, 40-тан аса гимназиялар мен лицейлер жұмыс істейді. Олар жоғары деңгейдегі оқыту жүесін өз тәжірибесінде кеңінен пайдаланып келеді. Қазақстанда «Назарбаев зияткерлік мектептері» желісі құрылу үстінде. Биылғы жылдың қазан айында осындай бір мектептің құрылысы Қарағандыда аяқталатын болады.
Бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар өз нәтижесін де көп күттірген жоқ. Ағымдағы жылы халықаралық пәндік олимпиадалар мен жарыстарда облыс оқушылары 50 медальды олжалады. Республикалық деңгейдегі жалпы білім беру пәндері бойынша облыстық олимпиадалық команда мен ғылыми жобалар командасы биылғы жылдың ең үздік командалары деген атқа ие болды. Назарбаев Университетінде қарағандылық 136 шәкірт білім алуда.
- IB жобасын енгізу бойынша біздің ынтымақтастығымыз жемісті боларына сенімдімін. Бұл өңіріміздің білім беру мекемелеріне жаңа формациядағы мұғалімдер даярлауға, ұстаздар мен оқушылар арасында нағыз көшбасшы тұлғалар тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік берері сөзсіз, - деді Әбілғазы Құсайынов кездесу соңында.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
4 Наурыз 2013
Караганда Другие города
-2 °C
без осадков,облачно
Ю, 8 м/с
4 Наурыз 2013
Доллар США   150.56
Евро   196.75
Российский рубль   4.91
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Справочно-информационный центр Торговля автозапчастями
kmz-lift.ru
Изготовление новогодних открыток. Изготовление буклетов, открыток .
copy-top.ru