Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Жаңалықтар


25-Қазан-2012 - Құрбан айт мерекесімен!

Қадірлі жамағат!
Дүние жүзі мұсылмандарының асыға күткен ең қастерлі де қадірлі мерекесі – Құрбан айт мейрамы құтты болсын!
 
Бұл мереке адамзат баласын татулық пен бірлікке, сыйластық пен ауызбіршілікке, өзара келісім мен кешірімге шақырады. Біздің елімізде де Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының негізінде тату-тәтті тіршілік кешіп жатқан ұлт пен ұлыс, түрлі діни конфессия өкілдері осынау адами асыл құндылықтарды басшылыққа алады.
Үш күн бойы аталып өтілетін бұл мейрамның барша мұсылмандар үшін мән-маңызы аса зор, өнегесі өзгеше. Ауқатты, тұрмысы жақсы адамдар Ұлы Жаратушы Иеміз - Алла разылығы үшін құрбандық шалып, кедей әрі мұқтаж адамдарға, міскін жандарға қамқорлық көрсетеді. Өкпелі жандар кешірімге келіп, татуласып, өткен-кеткен реніштерін ұмытады.
Олай болса айт күнгі тілеген тілектеріңіз бен ізгі ниеттеріңізді, Алла разылығы үшін шалған құрбандықтарыңызды қабыл етсін.
Ұлық мереке мүбарак болып, әр отбасына бақыт пен береке әкелсін! Елімізді әрдайым бірлік-ынтымақтан айырмасын!
Құрбан айт қабыл болсын!
Қарағанды облысының әкімі
Әбілғазы Құсайынов
Облыстық мәслихат хатшысы
Бейсембай Жұмабеков

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
4 Наурыз 2013
Караганда Другие города
-2 °C
без осадков,облачно
Ю, 8 м/с
4 Наурыз 2013
Доллар США   150.56
Евро   196.75
Российский рубль   4.91
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Работает функция поиска. Аренда тентов.
jprent.ru