Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Жаңалықтар


05-Қараша-2012 - Мемлекеттік қызметшілердің ауыл шаруашылығын дамытуға арналған курстары басталды

5 қарашада мемлекеттік қызметшілерді оқытудың өңірлік орталығында «Агроөнеркәсіп саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» тақырыбында аудан әкімдерінің орынбасарлары, селолық округ әкімдері, ауыл шаруашылық бөлімдерінің бастықтарына арналған курстар басталды.
 
- Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі әкімдердің алдына нақты міндеттер қойды. Бұл, ең алдымен, ауыл шаруашылығын дамыту, елді әлеуметтік жаңғыртуға қатысты. Осыған орай бүгінгідей курстардың маңызы арта түсті,- деді Әбілғазы Құсайынов.
Курс бағдарламасына ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын зерделеу, сондай-ақ «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту», жем-шөп өндірісі, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі АӨК дамытудың жаңа бағдарламасы тақырыптары енгізілді.
Курстардың міндеті халықпен тікелей жұмыс істейтін, әрі азаматтардың күнделікті туындап жататын мәселелерін шешуге қатысты қызмет көрсететін мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру болып табылады. Осыған орай облыс әкімі мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және экономикалық күрделі мәселелерді шеше білу қабілеті олардың кәсіби деңгейіне, моральдық-этикалық құндылықтарға және практикалық тәжірибелеріне тікелей байланысты екендігін атап айтты.
Курстарда ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, академик, «Казагромаркетинг» АҚ мал шаруашылығы саласының консалтингі департаментінің директоры Қабыл Исабеков, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық универститетінің агрономия факультетінің деканы Нұрлан Серекпаев, Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығының қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Виктор Юрченко және басқа да мамандар дәріс оқиды деп күтілуде.
Курс соңында тыңдаушылардың тапсыратын ауызша емтиханының қорытындысы бойынша рейтинг түзіліп, кадрлық саясат бойынша тиісті ұсыныстар әзірленетін болады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
4 Наурыз 2013
Караганда Другие города
-2 °C
без осадков,облачно
Ю, 8 м/с
4 Наурыз 2013
Доллар США   150.56
Евро   196.75
Российский рубль   4.91
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы