Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст

Жаңалықтар


09-Қараша-2012 - «Шахтер» футбол командасына құрмет көрсетуіне байланысты салтанатты жиын өтті

7 қарашада Кеншілер Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанған «Шахтер» командасының футболшыларының құрметіне салтанатты кеш болып өтті.
 
Алқалы жиынға спорт саласының өкілдері, жас спортшылар мен сала ардагерлері, жанкүйерлер қатысты.
Кеш жүргізушілері Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов пен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің құттықтауларын оқып берді.
Осыдан кейін облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов сөз алды.
- Өздеріңізге белгілі, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев спорт саласын дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. Осының арқасында біздің облысымызда спорттың көптеген түрлерін, соның ішінде мыңдаған адамдардың сүйікті футбол ойынын дамытуға қажетті жағдайлар жасалып отыр. Осының бәрі біздің футболшыларымыздың кейінгі жылдары қол жеткізіп келе жатқан табыстарының негізі болып қаланды, - деді аймақ басшысы.
«Шахтер» республикалық чемпионатты қатарынан екі рет жеңіп алған еліміздегі бесінші команда болды. Бұған дейін мұндай жетістікке семейлік «Елімай», павлодарлық «Ертіс», астаналық «Жеңіс» пен «Ақтөбе» командалары қол жеткізген болатын.
Биылғы маусымда «Шахтердің» қосалқы құрамы да тамаша ойын өрнегін көрсетіп, Премьер-Лига клубтарының қосалқы топтары арасындағы турнирде мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды.
Облыс әкімі жанкүйерлерге де жылы лебізін білдірді.
- «Шахтер» жеңісі - сіздердің қызу қолдауларыңыздың жемісі. «Қайсармен» болған ойында бүкіл қала өз командасының жеңіске жетуін тілегендей сезімде болдық, - деді аймақ басшысы.
Осыдан кейін Әбілғазы Құсайынов пен Қазақстан Футбол Федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов чемпиондарға футбол федерациясының Құрмет грамоталарын және алтын медальдарды табыс етті.
Аймақ спортын дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен «Шахтер» клубының спорт директоры Ұлықбек Асанбаев, бас бапкер Виктор Кумыков, жаттықтырушылар Евгений Свешников пен Роман Узденов, футбол клубының атқарушы директоры Ерден Халилиндер марапатталды.
Сонымен қатар облыс әкімі жеңімпаздар командасына ең басты сыйлық 15 млн. теңгенің сертификатын тапсырды.
Ал, жиын соңы мерекелік концертке ұласты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
17 Қаңтар 2013
Караганда Другие города
-18 °C
без осадков,пасмурно
Ю-З, 9 м/с
17 Қаңтар 2013
Доллар США   150.70
Евро   199.98
Российский рубль   4.96
 
Послание Президента РК
 
ҚР Президентінің Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Обучение компьютерной грамотности
           
 
Государственные закупки
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх