Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст

Жаңалықтар


15-Қараша-2012 - Ұлттық валюта күнімен!!!

Құрметті қаржыгерлер!
Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1993 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығымен ұлттық валютамыз - төлтеңге айналымға енгізілді. Бұл күн тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ең бір айтулы күнге айналды, ал төлтеңгеміз Әнұранымыз, Көкбайрағымыз бен Елтаңбамызбен қатар мемлекеттік нышандардың қатарынан ойып орын алды.
 
Қазақстандық валюта қолданысқа енгізілгеннен бергі жылдар ішінде біз төлтеңгеміздің еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін қаншалықты маңызды екендігіне күнделікті көз жеткізіп келеміз. Дербес ақшалай бірліктің енгізілуі Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін нақты жүзеге асыруының базасына айналды. Теңге айналымға түскен кезеңнен бастап нарықтық экономика құруға бағытталған құрылымдық өзгерістер шапшаң жүргізіле бастады.
Ал, бүгінде біз дәл осы өзіміздің төлтеңгеміз енгізілгеннен кейін ғана егемен елімізге ұлттық нарықтық экономиканың инфрақұрылымын құру бойынша қажетті қадамдар жасауға, ақшалай-кредиттік және бюджеттік-салықтық, реформалардың алғашқы жылдарында макроэкономикалық тұрақтандыруға бағытталған пәрменді саясат жүргізуге мүмкіндік бергенін мақтанышпен айта аламыз.
Қаржылық жүйені дамыту және нығайтудың мемлекеттік міндеттерін шешуге Қарағанды облысының қаржыгерлері де өз үлестерін қосып келеді. Өз ісіне адал, шын берілген білікті мамандар еселі еңбектерімен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосуда.
Қымбатты достар, Қазақстан қаржыгерлерінің кәсіби мерекесі – Ұлттық валюта күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте табыс тілейміз!
Қарағанды облысының әкімі
Ә. Құсайынов
Облыстық мәслихат хатшысы
Б.Жұмабеков

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
17 Қаңтар 2013
Караганда Другие города
-18 °C
без осадков,пасмурно
Ю-З, 9 м/с
17 Қаңтар 2013
Доллар США   150.70
Евро   199.98
Российский рубль   4.96
 
Послание Президента РК
 
ҚР Президентінің Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Обучение компьютерной грамотности
           
 
Государственные закупки
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх