Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст

Жаңалықтар


14-Қараша-2012 - Оңтүстік астанада өнерлерін сарапқа салмақ

Сексеннің сеңгіріне келген Сәкен театры жақында Алматы мен Талдықорғанға гастрольдік сапармен баруды жоспарлап отыр.
 
Алматы сынды қалада және өнер майталмандары шоғырланған шаһарда өнер көрсету зор мәртебе болғанымен, артылар жүкте салмақты. Әрине, алматылық көрермендер алдында бұған дейін талай өнер көрсетіп, республикалық театр фестивалінде додалы сайыстың алдыңғы легінен көрінген театр ұжымы үшін бұл сапардың аса қиынға соқпасы да белгілі. Бұл жолы сәкендіктер талғампаз көрермен назарына соңғы жылдары қойылған тың туындылар мен жас режиссерлердің еңбектерін ұсынуды жөн санап отыр. Алматыдағы гастрольдік сапар қараша айының 16- 21- і аралығында М.Әуезов атындағы академиялық театрында, ал Талдықорған қаласында қарашаның 23- 28- інде Б.Римова атындағы театр труппасы дерліктей шығады. Ұсынылатын қойылымдар М.Әуезовтің «Қаракөз» /реж. Қ.Қасымов/, А Жапаровтың «Жеңілтек әйел» /реж.С.Жұмағали/, Х.Эчегарайдың «Данышпан Галеотто» /реж.А.Қырықбаев/, П.Мерименің «Кармен» /реж.Д.Жұмабаева/, Р.Кунидің «Ашына.Балкон.Өлік.» /реж.Б.Киекбаев/, А.Галиннің «Қайран жас дәурен » /реж.Д.Еспаев/ және жас балаларға арналған Д.Исабековтің «Алладиннің сиқырлы шамы» /реж.С.Жұмағали/, О.Әубәкіровтің «Қожа мен спорт» /реж.А.Қырықбаев/ қойылымдары. Әрине, аталмыш шығарманың бәрі арқа көрермендерінің талқысына түсіп, мол рухани азық сыйлаған спектакльдер. Бұл жолы да арқаның азулы ұжымы Жетісу жерінде тамаша өнер көрсетіп, көрермен қауым мен өнер сыншыларының талғамынан шығарына сенім мол. Ендеше , іске сәттілік тілеп,мол табыс , зор абыроймен оралуларына ақ тілегімізді білдірейік.
А.Бекболатова, театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
17 Қаңтар 2013
Караганда Другие города
-18 °C
без осадков,пасмурно
Ю-З, 9 м/с
17 Қаңтар 2013
Доллар США   150.70
Евро   199.98
Российский рубль   4.96
 
Послание Президента РК
 
ҚР Президентінің Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Обучение компьютерной грамотности
           
 
Государственные закупки
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх