Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст

Жаңалықтар


03-Қаңтар-2013 - Театр балаларды шексіз қуанышқа бөледі

Сәкен театры биылғы Жаңа жыл шыршасын да дүркіретіп өткізді. Балаларға базарлық ретінде жаңадан Ш.Перроның «Күн қыз» /аударған Е.Сегізбаев/ атты ертегісін /қоюшы режиссері Д.Жұмабаева, суретші Т.Аккерт/ дайындап, Аяз Ата мен Ақшақар өнер көрсеткен балаларға тамаша сыйлықтары мен тәттілерін үлестірді.
 
Биылғы жаңа жылдың тағы бір ерекшелігі алғаш рет шырша сахнаға құрылып, бүлдіршіндер сахна да өнер көрсетті. Ал ата-аналары мен ұстаздар балаларын көрермендер залынан тамашалады. Сондай-ақ, тағы екі топқа бөлінген артистер жолсапарға шығып қала мектептерінде, Абай, Қарабас, Топар, Доскей т.б. елді-мекендерде болып, өз өнерлерін ортаға салып, шырша мерекесін орыс және қазақ тілідерінде ойнады. Аяз Ата жақсы киім киіп, ерекше өнерімен танылған балаларға әкелген базарлығын таратты. Жас бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлері Жылан, Мысық, Қой т.б. кездесіп, би билеп, ойын ойнап, әуелете ән салып көңілдерін көтерді. Балалар да мерекелік шыршаға жақсы дайындалып, арнайы киімдер тіктіріп, ұстаздары күн бұрын әзірлегені мен мұндалап тұрды.
Осы шырша мерекесін жоғары деңгейде өткізген театр ұжымына мектеп ұстаздары мен ата-аналар шексіз алғыстарын жаудырып, өнер ұжымына шығармашылық табыс тіледі. Сәтін салса сәкендіктер алдағы Наурыз мерекесін де жоғары деңгейде өткізіп, ел-елді, мектептерді аралап балаларды қуанышқа бөлеуді мақсат тұтып отыр.
А.Бекболатова,
әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
14 Қаңтар 2013
Караганда Другие города
-9 °C
без осадков,пасмурно
Ю, 10 м/с
14 Қаңтар 2013
Доллар США   150.92
Евро   200.15
Российский рубль   4.99
 
Послание Президента РК
 
ҚР Президентінің Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Обучение компьютерной грамотности
           
 
Государственные закупки
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх