Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст

Жаңалықтар


08-Қаңтар-2013 - Селекторлық кеңесте қардан тазалау мәселелері қаралды

4 қаңтарда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов өткізген селекторлық кеңесте қыс мезгіліндегі автомобиль жолдары мен басқа да аумақтарды қардан тазалау мәселелері қаралды.
 
Облыс әкімі жалпы алғанда шаруашылықтар қысқа жақсы қамданғандығын атап өтті. Дей тұрғанмен сарышұнақ аяз бен қалың қар біраз әбігерге салғаны да жасырын емес. Дәлірек айтқанда, республикалық, облыстық және жергілікті мәндегі жолдарда, қала көшелері мен аулалардағы түскен қарды тазалау кезінде біраз кемшін тұстар байқалды.
Қалаларда ауладағы қарды уақытында тазаламаудың кесірінен көктем кезінде жертөлелерді су басып қалу қаупі бар, сондай-ақ жолаушы тасымалын қиындатып, автожолдардың сапасын нашарлатып, оларды кейін күрделі жөндеуге әкеліп соқтыруы мүмкін.
Осыған орай аймақ басшысы қалалар мен аудандар әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді, оның ішінде қар тазалау бойынша арнайы штабтар құрып, нақты жоспарлар әзірлеу, оларды барлық шаруашылық нысандарының мүлтіксіз орындауын қадағалауды қатаң тапсырды. Ал, тұрғын үй массивтерінде бұл жұмысқа ПИК кеңінен тарту қажет.
Сонымен қатар облыс әкімі қазірден бастап су нысандарын көктемгі тасқынға әзірлеуді тапсырды.
Аймақ басшысы облыс тұрғындары мен шаруашылық субъектілерін де жұмыла жұмыс істеуге шақырды:
- Қардың мөлшерден аса көп түсуіне байланысты жеке меншік секторын, көпқабатты тұрғын үйлердің айналасын, кіретін жолдарын, шағын және бизнес нысандарының маңайын қардан тазалау жұмыстарын ұйымдастыруға шақырамын, - деді ол.
- Бұл жұмысты баршамыз бірлесе атқаруға тиіспіз, сондай-ақ тұрғындарды БАҚ арқылы істелген жұмыстар жөнінде құлағдар етіп отыру керек, - деп атап айтты Әбілғазы Құсайынов.
 
Анықтама үшін:
2013 жылдың 1-8 қаңтар аралығында Қарағанды облысында автомобиль жолдарында 250 қар тазалау техникалары, 300 жол жұмысшысы күнделікті жұмыс істеді. Осы кезеңде барлығы 32 мың куб метр қар қала сыртына шығарылды.
 
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
15 Қаңтар 2013
Караганда Другие города
-10 °C
без осадков,облачно
Ю, 9 м/с
15 Қаңтар 2013
Доллар США   150.91
Евро   201.53
Российский рубль   4.99
 
Послание Президента РК
 
ҚР Президентінің Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Обучение компьютерной грамотности
           
 
Государственные закупки
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх