Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст

Жаңалықтар


10-Қаңтар-2013 - Қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті

9 қаңтарда Қарағанды облысы әкімінің міндетін атқарушы Ғабит Мұхамбетов қаржы басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізіп, онда аталған мекемелердің 2012 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2013 жылғы жоспарлары талқыланды.
 
Аталмыш мәселе бойынша алдымен қаржы басқармасының бастығы Құралай Бекмағамбетова мен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Азамат Мұқанов баяндама жасады.
Осыдан кейін бюджет қаражатын, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы тарнсферттерді сапалы игеру, мемлекеттік сатып алулардың жылдықжоспарын веб-порталда орналастыру, конкурстық үдерістерді уақытында аяқтау бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Қалалар мен аудандар әкімдеріне 2013 жылдың 11 қаңтарына дейін 2015 жылға дейінгі даму бағдарламаларын экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен келістіру, болжамдау-талдау жұмыстарының сапасын арттыру, құрылысқа жұмсалаиын қаржыны жоспарлау кезінде осы нысандарды одан әрі ұстау мәселесінде бюджет мүмкіндігін ескеру тапсырылды. Сондай-ақ оларға ағымдағы шығындарын қысқарту туралы, оның ішінде нысандарды бәсекелес ортаға беру мәселесін қарастыру тапсырылды. 2013 жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде олар экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өз ұсыныстарын беруі тиіс.
Осыдан кейін облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі Бахтияр Әйешовтың мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпараты тыңдалды.
Кеңес барысында салық саясаты, сондай-ақ Саран қаласы мен Бұқар жырау аудандарының жекелеген мәселелері талқыланды.
Жиын соңында Қарағанды облысы тексеру комиссиясының төрағасы Серік Өтешов пен қаржылық бақылау инспекциясы бастығының міндетін атқарушы Серік Рысбеков өңірдің кейбір мекемелері мен ұйымдарында жүргізілген жоспарлы тексерістер қорытындысы жөнінде мәлімет берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
14 Қаңтар 2013
Караганда Другие города
-9 °C
без осадков,пасмурно
Ю, 10 м/с
14 Қаңтар 2013
Доллар США   150.92
Евро   200.15
Российский рубль   4.99
 
Послание Президента РК
 
ҚР Президентінің Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Обучение компьютерной грамотности
           
 
Государственные закупки
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх