Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Жаңалықтар


02-Сәуір-2013 - Баспасөз парағы

Жиында мемлекеттік органдардың жұмысындағы сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу және оған жол бермеу жөнінде экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департамент басшысының орынбасары Қанат Тоқтыбаев баяндама жасады.
Ол 2012 жылы 130 сыбайлас жемқорлық қылмыстың, ал биылғы жылдың басынан бері 47 қылмыстың әшкереленгенін атап өтті.
Қылмыстық тергеу амалдарымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары да қызу қолға алынуда.
Атап айтқанда, экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департамент қызметкерлері 2012 жылы осы тектес қылмысты жасауға түрткі болатын себептерді жою жөнінде 80 ұсыныс әзірлеген. Соларды қарастыру нәтижесінде 59 мемлекеттік қызметші түрлі тәртіптік жазаға тартылды.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында семинар, «дөңгелек үстелдер», орта және жоғары оқу орындарында арнайы сабақтар ұйымдастырылып, өткізілді. Қаржы полициясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шұғыл-қызметтік жұмыстарының нәтижесі, мақсаттары мен міндеттері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға жүйелі түрде жарияланып тұрады. Азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік күндері» өткізіледі.
Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқарма – Тәртіптік кеңестің қызметі, мемлекеттік тәртіпті нығайту, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнама талаптарын сақтауы туралы осы мекеменің басшысы Қайыржан Тоқышев баяндап берді.
Өткен жылы тәртіптік кеңестің 10 отырысы өткізіліп, 72 мәселе қаралған екен. Онда мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың есептері тыңдалып, тәртіптік істер талқыланды.
2012 жылы Тәртіптік кеңестің ұсыныстары бойынша 70 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 6 ауыл және кент әкімдері, 64 әкімшілік мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға да айрықша назар аударылып келеді. Өткен жылы Тәртіптік кеңеске 433 өтініш түсіп, олар бойынша мемлекеттік органдарда 64 тексеріс жүргізілді, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың 78 фактісі анықталды.
Ал, жалпы алғанда 2012 жылы 241 тексеріс жүргізіліп, 1159 заң бұзушылық анықталды. Негізінен аттестация, конкурстарды өткізу, тәртіптік жазаға тарту, сондай-ақ оқу курстарына жіберу сияқты мәселелерде кемшіліктер орын алып жатады.
Отырысты қорытындылаған облыс әкімі сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес мәселесінде барлық мемлекеттік органдар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айқындап берген бағдарламалық бағыттарын басшылыққа алу қажеттігін атап айтты. Дәлірек айтқанда, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған түрткі болатын себептер мен жағдайларды жоюға баса назар аударылуы тиіс. Сондай-ақ мемлекеттік ресурстарды бөлуге бақылауды күшейту, мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын жүзеге асыруына бақылау жасау, сыбайлас жемқорлыққа бейім салаларды анықтаудың әдістерін ескеру қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске биліктің уәкілетті органдарын да белсене қатыстырғанымыз жөн.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аяусыз болуы тиіс. Құқықбұзушылықтың барлық деректері бойынша қатаң жаза қолданылатын болсын. Бұл – Мемлекет басшысының талабы, - деп түйіндеді сөзін Бауыржан Әбдішев.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Баспасөз қызметі

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
19 Маусым 2013
Караганда Другие города
+14 °C
без осадков,ясно
С-В, 2 м/с
19 Маусым 2013
Доллар США   151.35
Евро   202.55
Российский рубль   4.74
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы