Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Жаңалықтар


16-Сәуір-2013 - Бірлігі бекем бейбіт елдің болашағы жарқын, келешегі келісті болмақ

Қазақстан халқының Бірлігі күні қарсаңында облыс әкімі Бауыржан Әбдішев этномәдени бірлестік басшыларымен және діни конфессия өкілдерімен кездесті.

 
- Бұл кездесудің баршамыз үшін маңызы өте зор. Себебі, бүкіл дүние жүзіне үлгі болып отырған егемен еліміздің ең басты құндылығы – бірлік. Ел басына күн туған қилы замандарда халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған, ең алдымен, осы ынтымақ пен бірлік болатын. Берекелі бірліктің арқасында ғасырлар бойы ата-бабамызға арман болған азаттыққа, тұғырлы тәуелсіздікке қол жеткіздік.Осынау тұрақтылық пен татулықтың, достық пен келісімнің арқасында Қазақстан қай салада болмасын үлкен табыстарға қол жеткізіп, қуатты мемлекетке айналды. Әрине, бұл орайда Елбасы бастамаларының басты қолдаушысы болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесін айрықша атап өтуге болады, - дедіі облыс әкімі өз сөзінде.
Осыдан 18 жыл бұрын ел Президенті, ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған Ассамблея берік құқықтық негізі мен қоғамдық-саяси мәртебесі бар конституциялық органға айналды.
Облыстық этномәдени бірлестік басшыларының еңбегі де лайықты бағаланып келеді. Этносаралық келісімді дамыту және нығайтуға қосқан үлесі үшін облыстық бірлестіктердің 5 басшысы ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, 2 - «Құрмет» орденімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының 8 белсенді мүшесі – «Бірлік» алтын медалімен, Қазақстан Республикасының, Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамоталарымен марапатталды. 
Кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық Ассамблеяның ғылыми-сараптау тобының жетекшісі Вилен Молотов-Лучанский, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан корейлері Қарағанды облыстық филиалының төрағасы  Лилия Ким, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Саран қаласындағы «Россиянка» этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юлия Яковлева мен Қарағанды және Шахтинск епископы Севастиан сөз сөйледі.
- Біз этнос өкілдері, діни конфессиялар, саяси партиялар арасындағы ынтымақ пен бірлікті, жалпы қоғамдағы ауызбіршілікті, келісім мен татулықты одан әрі дамыта беруіміз керек, - деді Бауыржан Әбдішев. Ол сондай-ақ биылғы жылы Қарағандыда өңіріміздегі барлық этномәдени бірлестіктерге арналған Достық үйінің құрылысы басталатындығын жеткізді.
Осыдан кейін этносаралық достық пен келісімді нығайтуға және сақтауға қосқан үлесі үшін 27 этномәдени бірлестік басшыларына әрқайсысына 700 мың теңгеден облыс әкімінің гранты тапсырылды.
Бұл гранттар мемлекеттік және ана тілдерін оқып-үйренуге, жаңа ұлттық киім үлгілерін тігуге, ұлттық музыка аспаптарын сатып алуға, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге, конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізуге арналғандығын атап өтті облыс әкімі.
- Бүгінгі кездесуге келіп, қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін және алдағы уақытта да ел болашағы жолында бірлесе еңбек етеміз деген сенімдемін, - деп түйіндеді кездесуді аймақ басшысы.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
17 Мамыр 2013
Караганда Другие города
+13 °C
без осадков,ясно
С-В, 2 м/с
17 Мамыр 2013
Доллар США   151.10
Евро   194.42
Российский рубль   4.81
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы