Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Жаңалықтар


17-Сәуір-2013 - Баспасөз парағы

Облыс басшысы «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің Нұрқазған кен байыту комбинатында болып, онда өндірістік көрсеткіштермен, кәсіпорын жұмысшыларының еңбек жағдайларымен танысып, «Нұрқазған» кенішінің шахтысына түсті.
Жұмыс сапары Көкпекті кентінде (Солонички станциясы) жалғасты. Облыс әкімі кенттегі орта мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, Қарағанды қ. әкімдігіне аталған мектепті облыс орталығының ведомстволық және аумақтық бағыныстылығына өткізу бойынша жұмыс жүргізуді, станцияға келетін 9 шақырым жолды жөндеуді жүктеді. Сондай-ақ Бұқар жырау аудандық әкімдігіне кент жолдарына қиыршық тас төсеп, тегістеу жөнінде тапсырма берді.
Сонымен қатар ауыл тұрғындары мен Бұқар жырау аудандық әкімдігіне кездесу барысында мектеп жасына дейінгі балаларға арнап шағын орталық пен клуб құру мәселесін қолға алуды ұсынды. Ал, мектеп оқушыларына Қарағандының Октябрь ауданындағы жақын орналасқан мектептерден барып оқуы үшін автобус қатынасын ұйымдастыруды тапсырды.
Өңір басшысы Көкпекті кентін Қарағанды құрамына енгізген соң халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, мал жайылымын бөлу сынды өзекті мәселелердің қалалық бюджет есебінен оң шешімін табатындығын атап өтті.
Сондай-ақ Қушоқы көмір разрезінде болып, оның жұмысымен жан-жақты танысып шықты.
Осыдан кейін облыс әкімі Петровка ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауылда су құбырын тарту және клуб ұйымдастыру, мал жайылымы сынды мәселелер талқыланды.
Әрбір көтерілген көкейкесті мәселе бойынша аймақ басшысы аудан әкімі мен тиісті құрылым басшыларына нақты тапсырмалар берді.
- Мен аудандарыңызға сіздермен кездесіп, өңірдің өзекті мәселелерін өз ауыздарыңыздан есту үшін арнайы келдім. Көтеріп отырған сұрақтарыңыздың бәрі орынды және олар біртіндеп, кезең-кезеңімен шешімін табатын болады, - деп Бауыржан Әбдішев кездесуді түйіндеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Баспасөз қызметі

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
21 Сәуір 2013
Караганда Другие города
+15 °C
без осадков,ясно
Ю-З, 4 м/с
21 Сәуір 2013
Доллар США   151.09
Евро   197.73
Российский рубль   4.80
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы