Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Жаңалықтар


19-Сәуір-2013 - Облыс әкімі Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті

19 сәуірде облыс әкімі Бауыржан Әбдішев Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті.

 
Кездесу барысында олар жергілікті билік органдары мен Қазақстандағы орыс православие шіркеуінің этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту бойынша өзара ынтымақтастығын дамыту жайы сөз болды.
- Толеранттылықты, қоғамдағы бейбітшілік пен келісім құндылықтарын нығайтуға бағытталған Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты өз жемісін беріп келеді, - деп атап өтті облыс әкімі кездесу барысында.
Ол сондай-ақ бүгінгі күні мемлекетіміздің татулық пен конфессияаралық келісімнің белсенді насихаттаушысы ретінде орыс православие шіркеуіне айрықша мән беретіндігін тілге тиек етті. «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» жаңа Заңда Қазақстан Республикасында ханафи бағытындағы ислам мен православ христиандығының халқымыздың мәдениеті мен руханиятын дамытудағы тарихи роліне ерекше көңіл бөлініп отырғандығы да кездейсоқ емес.
Облыс әкімі Митрополит Александрдың жастарға рухани тәрбие беру, оның ішінде «Жетісудың рухани бағы» атты халықаралық дәстүрлі фестиваль аясында өткізіп жатқан істерін де атап өтті.
- Бүгінгі кездесуіміз этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту бойынша өзара ынтымақтастығымызды одан әрі дамыта түсуге тың серпін береді деген сенімдемін, - деді сөз соңында Бауыржан Әбдішев.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
17 Мамыр 2013
Караганда Другие города
+8 °C
без осадков,ясно
С-В, 2 м/с
17 Мамыр 2013
Доллар США   151.10
Евро   194.42
Российский рубль   4.81
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы