Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Жаңалықтар


01-Мамыр-2013 - Халықаралық балаларды қорғау күнімен!!!

Құрметті облыс тұрғындары!
Қымбатты балалар!
Біздің еліміз 1 маусым – жайдары жаздың алғашқы күнінде барлық әлем елдері секілді, шуақ пен мейірімнің мерекесі – Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтуді дәстүрге айналдырған.
 
Балалар әрқашан адалдық пен әділдіктің, бар жақсылыққа деген сенімнің өлшемі болып келеді. Олар – барша адамзаттың жарқын болашағы және біздер, ересектер олардың бейбітшілік пен келісімде өмір сүруі үшін бар мүмкіндікті жасауға міндеттіміз.
Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында біздің елде дүниеге келген әрбір сәби қазақстандық екенін, оларға мемлекеттің қамқорлық пейілі шексіз болатындығын және барлық ата-ана «Бар жақсылық – балаларға!» қағиданы ұстану қажеттігін ерекше атап өткен болатын.
Біздің облысымызда Елбасы тапсырмасына орай және экономикалық өрлеу көрсеткіштері нәтижесінде әлеуметтік мәселелер оң шешім тауып, оның ішінде балалар өмірінің мазмұнын арттыруға бағытталған маңызды жобалар қолға алынуда. Облыстың жеті қала, аудандарында «Балалармен достастықтағы қала» атты халықаралық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба мақсаты – өскелең ұрпақтың құқығы мен қызығушылығын қорғау.
Сөз жоқ, әр баланың ең сенімді қорғаны – салауатты, тату-тәтті, әлеуметтік тұрғыдан қамтылған отбасы. Сондықтан да, жергілікті атқарушы биліктің ықпалымен отбасын сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ана мен баланы қорғау, қараусыз балаларды болдырмау, сондай-ақ, әр баланың өз отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету мақсатында қыруар жұмыс жасалып отыр.
Соңғы жылдары облыс аумағында халықаралық талаптарға сай, сапалы білім алуға мүмкіндік беретін заманауи үлгідегі бірнеше мектеп салынды. Сонымен қатар, бүлдіршіндердің физикалық және рухани тұрғыдан толыққанда қалыптасуына барынша жағдай жасалған балабақшалар қатары да артып келеді. Балалар денсаулығын қорғау, оларға медициналық қызмет көрсету сапасы да артып отыр. Қызмет етіп тұрған балалар, жастар және волонтерлік ұйымдар, жазғы демалыс лагерлері жеткіншектердің аймақтың қоғамдық өміріне белсене атсалысуына ықпал етері сөзсіз.
Мүгедек балалар мен ата-ана мейірімі мен қамқорлығынан тыс қалған бүлдіршіндерге деген қоғам қамқорлығы да шексіз. Бүгінгі таңда жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі Кешенді жоспар жүзеге асырылып, нәтижесінде жетімдер үйінің түлектеріне арналған Жасөспірімдер Үйі мен Жастар Үйі ашылды. Оның бірі Халықаралық балаларды қорғау күнінде есігін айқара ашпақ. Әрине, бұл бағыттағы игі іс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Қымбатты балалар! Бүгінгі мереке баршаларыңызға қуаныш сыйлап, үлкендер үшін бала алдындағы жауапкершілікті тағы бір мәрте сезіндіретін болсын.
Сіздерге зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық тілеймін!
 
Бауыржан ӘБДІШЕВ,
Қарағанды облысының әкімі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
6 Қазан 2013
Караганда Другие города
+7 °C
без осадков,облачно
Ю-В, 4 м/с
6 Қазан 2013
Доллар США   154.15
Евро   209.80
Российский рубль   4.80
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы