Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Жаңалықтар


01-Мамыр-2013 - Жетім көрсең жебей жүр

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде облыс әкімі Бауыржан Әбдішев өңірдің балалар үйлерінің түлектерімен кездесті.
 
Кездесуді ашқан аймақ басшысы өз сөзінде ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бақытты балалық шақ үшін, оның ішінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері сапалы білім мен түзу тәрбие алуы үшін қажетті барлық жағдайды жасап отырғандығын атап айтты.
Облыс басшысы 2011-2013 жылдарға арналған жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз етудің кешенді жоспарының жүзеге асыру барысы туралы айтып өтті. Сонымен қатар облыста баспанамен уақытша қамтамасыз ету мақсатында салынған Жасөспірімдер үйі де жұмыс істейді. Балалар үйінен шыққан 23-29 жас аралығындағы түлектер мен отбасын құрған жастарға арналған өңіріміздегі алғашқы Жастар үйі ашылды.
Балалар үйінің түлектері өздерінің өмірлік жоспарларымен бөлісіп, қандай мамандық таңдағандары, бос уақыттарын қалай өткізетіндіктері жөнінде әңгімеледі. Сондай-ақ оларға балалар үйлерінің бұрынғы түлектері де ақ жол тілеп, жүрекжарды лебіздерін айтты.
Облыс әкімі тағдырдың түрлі тауқыметін тартқан балаларға қолдау көрсететін балалар үйлерінің түлектерінің ассоциациясын құру туралы ойластыруды ұсынды.
- Жергілікті билік органдары бүгінгі күні балалар үйлерінің түлектеріне қолдау көрсету бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеу үстінде. Онда сан түрлі мәселелер көрініс тапқан, - деді Бауыржан Әбдішев.
Атап айтқанда, биылғы жылы колледждерде білім алу үшін облыс әкімінің 160 білім гранты және жоғарғы оқу орындарына – 40 гранты бөлінетін болады. Гранттарды алу үшін ҰБТ 50-ден кем емес бал жинап, колледждерге емтихандарды жақсы тапсыру қажет.
Техникалық мамандықтарды таңдаған 5 үздік түлек биылғы жаз айларында «Лукас Нулле» неміс компаниясына оқуға жіберіледі. Ал, колледжді аяқтаған соң интерактивті тақталар шығаратын қазақстандық «Лидос ЛТД» компаниясына жұмысқа орналасатын болады. Олардың аттарын атай кетер болсақ, Теміртау қаласындағы отбасылық үлгідегі балалар үйінің түлегі Виктор Адуковский, Жезқазған қаласындағы «Үміт» балалар үйінің түлектері Жамал Шиблиев пен Владислав Сағынтаев, Сәтбаев қаласының Жезқазған кентіндегі отбасылық үлгідегі балалар үйінің түлектері Эдик Вольман мен Иван Терешиндер.
Облыс әкімі сұхбат барысында жергілікті билік органдарының жастар саясаты істері жөніндегі облыстық басқармасының Жастар бастамашылдығы орталығы жанында балалар үйлерінің түлектерінің әлеуметтік бейімделуін қолдау қызметін құру мәселесін пысықтап жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ жазғы маусымда жетім балалардың жақсы тынығуы үшін этнолагерь құру, дарынды балаларды қолдау бағдарламасын әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатқандығына тоқталды.
Бауыржан Әбдішев мұндай кездесулердің бұдан былай дәстүрге айналып, жылда өткізіліп отыратындығын айтты. Сонымен қатар ҰБТ мен қабылдау емтихандарын ойдағыдай тапсырғаннан кейін жоо мен колледждерге оқуға түскен жастарға гранттар тапсыру мен Германияға оқуға жіберу үшін тағы бір мәрте бас қосатындығын жеткізді.
Осыдан кейін сөз алып, сөйлеген «Таңшолпан» балалар үйінің түлегі Зекен Хожамердиева аймақ басшысына алғысын айтып, оған өңірдің балалар үйлерінің жетістіктері бейнеленген фотоальбомды сыйға тартты.
Кездесуге қатысқан барлық жастар облыс әкімі атынан берілген компьютер мен коммуникатордың қызметін қатар алып жүретін бір-бір планшетникке ие болды.
- Өмірде үлкен табыстарға жетулеріңе тілектеспін. Алдарыңдағы жауапты сынақ – ҰБТ мен емтихандарды жақсы тапсырыңдар. Сендер жалғыз емессіңдер. Біздің Елбасымыз бар, ертеңшіл еліміз бар. Мен облыс әкімі ретінде еліміздің игілігі жолындағы барлық батыл бастамаларыңды қолдауға дайынмын, - деді облыс әкімі.
Осыдан кейін Бауыржан Әбдішев балалар үйлерінің түлектерімен естелік суретке түсті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
6 Қазан 2013
Караганда Другие города
+7 °C
без осадков,облачно
Ю-В, 4 м/с
6 Қазан 2013
Доллар США   154.15
Евро   209.80
Российский рубль   4.80
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы