Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Жаңалықтар


04-Мамыр-2013 - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен!!!

Құрметті облыс тұрғындары!
1992 жылы 4 маусымда еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері туралы заңға қол қойды. Бұл рәміздер біздің ең басты мемлекеттік құндылықтарымыз – Ту, Елтаңба, Әнұран.
 
Осылайша біз жер шарында Қазақстан Республикасы атты егеменді мемлекет бар екенін және ол ғасырлар бойы азаттығын қастерлеп, рухын биік ұстап өтетіндігін тағы бір мәрте дәлелдедік.
Сол сәттен бастап бұл күн қазақстандықтар үшін басты мерекелердің біріне айналды.
Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесі қалыптасады.
Олар Елбасының сындарлы саясаты негізінде қолға алынған құндылықтарды жүзеге асырады. Бұл – ашықтық, бейбітшілік, еркіндік, тәуелсіздік және келісім. Сондықтан да, Мемлекеттік рәміздер әрбір қазақстандық азаматтар үшін де, өскелең ұрпақ үшін де аса зор құндылық болып табылады.
Мемлекеттік рәміздер кез келген мемлекет дамуының ажырамас бөлігіне айналған. Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі.
Мемлекет басшысы «Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды жүрегіне жөргектеу» деген болатын. Елбасының осы бір ауқымды да, терең даналық тіркесі мағыналық тұрғыдан зор маңызға ие. Шынымен де өз Отанына деген шексіз махаббат пен шынайы патриотиз болмайынша, нағыз азамат, нағыз адам болуы мүмкін емес.
Мерекелеріңізбен, құрметті жерлестер!
Баршаларыңызға мықты денсаулық, зор бақыт пен амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге жеміс тілеймін.
 
Бауыржан ӘБДІШЕВ,
Қарағанды облысының әкімі.

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
6 Қазан 2013
Караганда Другие города
+7 °C
без осадков,облачно
Ю-В, 4 м/с
6 Қазан 2013
Доллар США   154.15
Евро   209.80
Российский рубль   4.80
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы