05-Мамыр-2013 - Аймақ басшысының мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі бойынша кеңесшісі болып тағайындалды
Облыс әкімі Бауыржан Әбдішевтің өкімімен «Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту орталығы» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Ивкин аймақ басшысының мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
Ивкин Александр Михайлович 1950 жылы туған. 1965 жылдан бері бірінші топтағы мүгедек.
1972 жылы Қарағанды политехникалық институтының машинажасау факультетінің күндізгі бөлімін тәмамдады. Орталық Қазақстан геологиялық басқармасының есептеу орталығында, политехникалық институттың есептеу орталығында, осы институттың бірнеше кафедраларының аға ғылыми қызметкері болып еңбек етті.
1992 жылдан күні бүгінге дейін Қарағанды облыстық мүгедектердің ерікті қоғамын басқарды. Ал, 2004 жылдан бері өз бастамасы бойынша құрылған «Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту орталығы» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып істеп келеді. Бірлестіктің мақсаты – мүгедектерді қоғамға оның тең мүшесі ретінде кіріктіру, мүмкіндігі шектеулі жандардың мүдделерін билік органдарында қорғау болып табылады.