Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Жаңалықтар


24-Маусым-2013 - Мемлекеттік рәміздер – мызғымас тұтастықтың негізі

24 шілдеде облыс әкімі Бауыржан Әбдішев Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысын селекторлық түзімде өткізді.
 
Отырысты кіріспе сөзбен ашқан аймақ басшысы мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша облыс аумағында мақсатты, жүйелі жұмыстардың жүргізіліп келе жатқандығын атап өтті. Дей тұрғанмен мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның тексерісі бұл бағытта әлі де болса кемшіліктердің бар екендігін айғақтап берді.
Тексеру қорытындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен мемлекеттік рәміздер бойынша республикалық комиссия отырысында жария етілді.
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңының талаптары мен мемлекеттік рәміздерді қолдану саласындағы ережелерге сәйкес келмеу және бұзу фактілері шұғыл ретке келтіргенімен, босаңсуға болмайды, - деп қадап айтты аймақ басшысы.
Ол сондай-ақ ағымдағы жылдың екінші тоқсанында мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс тобының мүшелері Теміртау, Жезқазған, Қаражал және Ұлытау аудандарына шығып, тексеріс жүргізіп келгендігін айтып өтті.
Осыдан кейін аталған өңірлердің әкімдерінің мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолдану мәселесіне қатысты атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Күнтәртібіндегі екінші «ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану бойынша денсаулық сақтау басқармасының жұмысы туралы» мәселесі бойынша басқарма басшысы Төлеген Садуақасов баяндама жасады.
Сонымен қатар мемлекеттік рәміздерді насихаттау және олардың қолданылуын бақылау бойынша ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия шешімі қабылданды.
- Қалалар мен аудандар әкімдері, облыстық басқарма басшылары өз мекемелерінде мемлекеттік рәміздерді дұрыс қолдануға жауапты тұлғаларды арнайы бұйрықпен бекітіп, тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуі тиіс, - деді Бауыржан Әбдішев жиын соңында.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
30 Шілде 2013
Караганда Другие города
+17 °C
без осадков,ясно
С-В, 1 м/с
30 Шілде 2013
Доллар США   153.24
Евро   203.56
Российский рубль   4.68
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы